«Үйде жатпа» күнтізбесі. 6 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 06 июня, 2025


🐏Бүгін Құрбан айт мейрамы аталып өтеді. Құрбан айт — мұсылман жұрты үшін қасиетті де ұлық мереке. Айт намазынан кейін үш күн ішінде әрбір мұсылман Алла разылығы үшін құрбандық шалу парызын орындайды. Бұл — адамның Жаратушыға рухани бет бұрып, ықылас-ниетін білдіруінің көрінісі. Құрбан айттың тарихы қасиетті Құранда баяндалған. Онда Ибраһим пайғамбардың көрген түсі мен оған бағынуы жайлы айтылады. Бірде түсінде бір періште пайғамбарға келіп, Алланың әмірімен жалғыз ұлын құрбандыққа шалуы тиіс екенін жеткізеді. Пайғамбар бұл әмірге мойынсұнып, баласын құрбан етуге дайын болады. Осы сәтте Алла Тағала суық қарудың бейкүнә балаға зиянын тигізбеуін қадағалайды. Бұл сынақты Аллаһ Ибраһимнің иманын сынау үшін жіберген еді. Сынақтан сүрінбей өткен пайғамбарға Алла тағдыр жазмышымен аспаннан құрбандыққа шалатын қошқар жіберіп, ұлының орнына сол құрбан етіледі.

Бұл күн — сенімнің, мойынсұнудың, мейірім мен рақымның мерекесі.

🗣6 маусым — Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күні. Бұл күн – адам өміріне және тіршілік ортасына зиян келтіретін жәндіктер мен жануарлардың қаупі туралы еске салып, оларға қарсы тиімді күрес жолдарын насихаттауға арналған. Кең мағынада зиянкестер деп — адамға, оның өміріне, ауыл шаруашылығына немесе денсаулығына залал келтіретін кез келген өсімдік пен жануарды айтуға болады. Алайда әрбір зиянкесті жойып жіберу дұрыс емес, өйткені олардың кейбірі тек нақты жағдайда ғана зиянды болуы мүмкін. Сол себепті олардың санын бақылауда ұстау — ең тиімді әрі табиғатқа залал келтірмейтін амалдардың бірі.

 

Сіз қандай зиянкестерден жиі зардап шегесіз? 

👀6 маусымда компьютер ойынының әуесқойлары Тетрис күнін атап өтеді. Бұл ойын 1984 жылы пайда болды. Содан бері Тетрис әлем бойынша кеңінен танылды. Оның құрылымдық қағидаттары кейін Dr. Mario, Candy Crush секілді танымал ойындардың негізіне айналды. Бір қызығы, тетристі ойлап тапқан кеңес программисі Алексей Пажитнов өнертабысынан 1996 жылға дейін не кеңестік, не ресейлік үкімет тарапынан ешқандай пайда көрмеген. Осы оқиға негізінде биыл “Тетрис” фильмі жарыққа шықты.

 

Ал сіз тетрис ойынын жақсы ойнаушы едіңіз бе?

👥6 маусым — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні.  Бүгін суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тұрсын Әбуов 89 жасқа толды. Оның туындылары дала көшпелілерінің мәдениетін әлемдік мәдениеттер кеңістігіне лайық және мәнерлі түрде енгізе алды. Олар Ақорда мен Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия және басқа елдердің мұражайларында қойылған. Сонымен қатар бүгін музыкант, композитор, продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Бари Әлібасов 78 жасқа толды. Семей өңірінің тумасы ТМД елдерінде үлкен жетістікке жеткен “Интеграл” және “На-на” музыкалық ұжымдарын құрып, оларға жетекшілік етті. Өнер иесі “Астанаға 10 жыл” медалімен марапатталған.