🎗107 жыл бұрын Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліске қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Патша әскерлеріне қарсылық көрсеткендердің бірі Амангелді Иманов болды. Монархияны құлатуға әкелген 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Уақытша үкімет бұрынғы билік құрылымдарының орнына облыстық және уездік комиссариаттар құруға кірісті. Әлихан Бөкейханов Торғай облысына, Мұхамеджан Тынышпаев Жетісу облысына, Халел Досмұхамедұлы Орал облысына, Ахмет Бірімжанұлы Қостанай уезіне комиссар болып тағайындалды.
🩺Бүгін — Халықаралық тіс дәрігерлері күні. 1790 жылы 6 наурызда америкалық Джон Гринвуд стоматологиялық борды ойлап тапты. Осы тұста өнертапқыштың құрметіне орай аталмыш күн тіс дәрігерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Ал электр құрылғысы пайда болғанға дейін бір ғасырдан астам уақыт оны аяқпен қозғалтуға тура келді. Қазір Қазақстанда 1500-ден астам мемлекеттік және жеке стоматологиялық клиника бар. Ал тіс дәрігерлерінің жалпы саны 6000-ға жуық адамды құрайды.
Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🦷
⚽️Бүгін футбол жанкүйерлері ХХ ғасырдың ең үздік кәсіпқой клубы “Реал Мадридтің” туған күнін атап өтеді. 1902 жылы 6 наурыз құрылған команда өз тарихында 68 жүлдені жеңіп алды. Ал рекордтық көрсеткіштерін атап өтетін болсақ, 35 мәрте Ла Лига титулы, 20 мәрте Король кубогына, 12 мәрте Испания Суперкубогына және 1 мәрте Лига кубогына ие болды. Ал корольдік клуб турнирінде 14 рет жеңіске жетті.
Сіз қай футбол клубының жанкүйерісіз: Реал әлде Барселона?🔝
🎉Бүгін екі танымал адамның туған күні. 549 жыл бұрын итальяндық мүсінші, суретші, сәулетші, ақын және ойшыл Микеланджело (1475-1564) дүниеге келді. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы шеберлердің бірі. Оның мүсіндері, туындылары және сәулет өнерінің танымалдығы бүкіл әлемде кең етек жайды. 225 жыл бұрын ағылшын саяхатшысы және суретшісі Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) өмірге келді. Қазақ даласына саяхат жасағаннан кейін ол 1858 жылы Лондонда қазақтардың өмірі мен тұрмысы, салт-дәстүрі және шаруашылығы туралы екі томдық кітап шығарды. Ол — “Штурм ночного аула”, “Бой кыргызских всадников” картиналарының авторы. Сондай-ақ қазақ аңыздары мен әңгімелерін де жарыққа шығарды.