💪108 жыл бұрын 1916 жылғы Орталық Азия көтерілісіне қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Патша әскеріне қарсы күрескен бұл көтерілістің жетекшілерінің бірі – Амангелді Иманов еді. Монархияны құлатуға әкелген 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Уақытша үкімет бұрынғы билік құрылымдарының орнына облыстық және уездік комиссариаттар құруға кірісті. Торғай облысының комиссары болып Әлихан Бөкейхан, Жетісу облысының комиссары Мұхамеджан Тынышпаев, Орал облысының комиссары Халел Досмұхамедұлы, Қостанай уезінің комиссары Ахмет Бірімжанұлы тағайындалды.
🦷Бүгін — Халықаралық тіс дәрігерлері күні. 1790 жылы 6 наурызда америкалық Джон Гринвуд стоматологиялық борды ойлап тапты. Осы тұста өнертапқыштың құрметіне орай аталған күн тіс дәрігерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Ал электр құрылғысы пайда болғанға дейін бір ғасырдан астам уақыт оны аяқпен қозғалтуға тура келді. Қазіргі таңда Қазақстанда 1500-ден астам мемлекеттік және жекеменшік стоматологиялық клиника жұмыс істейді. Ал елдегі тіс дәрігерлерінің жалпы саны – шамамен 6000 адам.
Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
⚽️Бүгін футбол жанкүйерлері ХХ ғасырдың ең үздік кәсіпқой клубы “Реал Мадридтің” туған күнін атап өтеді. 1902 жылы 6 наурызда құрылған команда өз тарихында 68 жүлдені жеңіп алды. Рекордтық көрсеткіштерін атап өтетін болсақ, 36 мәрте Ла Лига титулына, 20 мәрте Король кубогына, 13 мәрте Испания Суперкубогына және 1 мәрте Лига кубогына ие болды. Ал корольдік клуб турнирінде 15 рет топ жарды.
Сіз қай футбол клубының жанкүйерісіз: Реал әлде Барселона?
👥Бүгін — танымал екі адамның туған күні. 550 жыл бұрын итальяндық мүсінші, суретші, сәулетші, ақын және ойшыл Микеланджело (1475-1564) дүниеге келді. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы шеберлердің бірі. Оның мүсіндері, туындылары және сәулет өнерінің танымалдығы бүкіл әлемде кең етек жайды. 226 жыл бұрын ағылшын саяхатшысы және суретшісі Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) өмірге келді. Қазақ даласына саяхат жасағаннан кейін ол 1858 жылы Лондонда қазақтардың өмірі мен тұрмысы, салт-дәстүрі және шаруашылығы туралы екі томдық кітап шығарды. Ол — “Штурм ночного аула”, “Бой кыргызских всадников” картиналарының авторы. Сондай-ақ қазақ аңыздары мен әңгімелерін де жарыққа шығарды.