«Үйде жатпа» күнтізбесі. 6 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 06 Наурыз, 2023


🎗106 жыл бұрын Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліске қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Патша әскерлеріне қарсылық көрсеткендердің бірі – Амангелді Иманов болды. Монархияны құлатуға әкелген 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Уақытша үкімет бұрынғы билік құрылымдарының орнына облыстық және уездік комиссариаттар құруға кірісті. Әлихан Бөкейханов Торғай облысына, Мұхамеджан Тынышпаев Жетісу облысына, Халел Досмұхамедұлы Орал облысына, Ахмет Бірімжанұлы Қостанай уезіне комиссар болып тағайындалды.

🩺Бүгін – Халықаралық тіс дәрігері күні. 1790 жылы 6 наурызда американдық Джон Гринвуд стоматологиялық борды ойлап тапты. Соның құрметіне орай аталмыш күн тіс дәрігерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Бір ғасырдан астам уақыт бойы Джон электр жетегі көмекке келмегенше жаяу қозғалуына ицра келді. Қазір Қазақстанда 1500-ден астам мемлекеттік және жеке стоматологиялық клиникалар бар. Ал тіс дәрігерлерінің жалпы саны 6000-ға жуық адамды құрайды.

 

Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🦷

⚽️Бүгін футбол жанкүйерлері ХХ ғасырдың ең үздік кәсіпқой клубы – Реал Мадридтің туған күнін атап өтеді. 1902 жылы 6 наурыз құрылған команда 67 жүлдені жеңіп алды. Рекордтық көрсеткіштерін атап өтетін болсақ, 35 мәрте Ла Лига титулдарына, 19 мәрте Испания Кубогына, 12 мәрте Испания Суперкубогына және 1 мәрте Лига Кубогына ие болды. Корольдік клуб турнирде 14 рет жеңіске жетті. Сонымен қатар чемпиондар лигасында ең көп жеңіске жеткен әрі гол соғу саны бойынша рекорд орнатқан клуб бола білді.

Сіз қай футбол команданың жанкүйерісіз: Реал әлде Барселона?🔝

🎉Бүгін екі танымал адамның туған күні. 224 жыл бұрын ағылшын саяхатшысы және суретшісі – Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) дүниеге келді. Қазақ даласына саяхат жасағаннан кейін ол 1858 жылы Лондонда екі томдық кітап шығарды. Атап айтатын болсақ, қазақтардың өмірі мен тұрмысы, салт-дәстүрлері, шаруашылықтары және т.б. туралы «Штурм ночного аула», «Бой кыргызских всадников» картиналарының авторы. Сондай-ақ қазақ аңыздары мен әңгімелерін де жариялады.  

Бүгін қазақ тележүргізушісі және журналист Айгүл Мүкей 48 жасқа толды. Ол «Томирис» іскер әйелдер клубының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Көптеген кәсіби және мемлекеттік наградалармен марапатталған.

 

Қазақстандағы тележүргізушілердің қайсысы сізге көбірек ұнайды?🎤