«Үйде жатпа» күнтізбесі. 6 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 06 июля, 2023


🥳Бүгін — Астана күні. Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда салтанатты түрде өтті. Бірақ 2008 жылдан бері бұл мереке 6 шілде күні тойланып келеді. 1830 жылы қала Ақмола деп аталды. Ал 1961 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қала Ақмола деп атала бастады. 1998 жылы оны Астана деп өзгерту туралы қаулыға қол қойылды. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің бас қаласына Нұр-Сұлтан атауы берілді. Алайда өткен жылы ол бұрынғы атауы – Астанаға қайта оралды.

 

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!

🎊6 шілде — Дүниежүзілік кардиология күні. Статистикаға сәйкес, әлемде жүрек-қан тамырлары аурулары көп таралған. Нақтырақ айтсақ, жүрек ақауларынан қайтыс болғандардың үлесі басқа аурудан болатын өлім пайызынан асып түседі. Осыған қарамастан, бүкіл әлемдегі кардиологтар күн сайын және әр минут сайын адамдардың өмірін сақтап қалады. Жүрек ауруларының пайда болуының және қан тамырларының бұзылуының негізгі факторлары дұрыс тамақтанбау, стресс, отырықшы өмір салты және жаман әдеттер екенін атап өткен жөн.

 

Егер таныс кардиологтарды білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

 

❤️‍🔥6 шілде — Бүкіләлемдік сүю күні. Мереке 19 ғасырда алғаш рет Ұлыбританияда пайда болды. Сүю — түрлі сезімнің кең ауқымын білдірудің бір жолы. Бірақ көбіне ол сүйіспеншілік пен құрмет көрсету үшін қызмет етеді. Көптеген елдің мәдениетінде сүйумен байланысты рәсімдер мен жөн-жоралғылар бар. Олардың ешқайсында жыныстық мағына жоқ. Тіпті сүйуді зерттейтін тұтас бір ғылым бар. Оны “филематология” деп атайды.

 

Бүгін отбасыңыз бен достарыңызды сүйуді ұмытпаңыз!

👥6 шілде — атақты екі тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 83 жасқа толды. Ол посткеңестік билікте болу ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Яғни, 1989 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанды 30 жыл басқарды. 2010 жылы Елбасы атағын ресми түрде иеленді. Алайда осы жылдың қаңтар айында бұл атағынан айырылды. Сондай-ақ бүгін 50-ден астам фильмде, соның ішінде “Рокки”, “Рэмбо”, “Неудержимые” және «План побега” сериалдарында басты рөлді сомдаған актер Сильвестр Сталлоне 77 жасқа толды. Бірінші және жетінші фильмде Рокки Бальбоа бейнесін сомдап, бірінші фильмнің сценарийін жазғаны үшін Оскар сыйлығына үш мәрте үміткер болды. 2011 жылы боксты танымал етудегі еңбегі үшін халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді.

 

Сізге қай фильм ұнайды: Рокки немесе Рэмбо?