👀Бүгін — Дүниежүзілік ядролық қаруға тыйым салу күні. 1945 жылы 6 тамызда америкалық бомбалаушы Хиросимаға әлемдегі алғашқы ядролық бомбаны тастады. Бұл күн жапон қаласын бүкіл әлемге әйгілі етті. Себебі атом бомбасы жарылған кезде 200 мыңнан астам адам қаза тауып, көбісі жоғалып кетті. Ал 100 мың адам радиоактивті сәулеленуге ұшырады.
👠6 тамыз — Халықаралық әйелжанды еркектер күні. Олар көп жағдайда әйелдерінің айтқанынан шықпайды. Мұндай ер адамдардың — өзін-өзі бағалауы төмен, мақтаныш сезімінен ада қалған әрі салауатты эгоизмі жоқ. Бұл шын мәнінде жаман ба? Досыңызды немесе туысыңызды оның ерік-жігері мен әр қимылын басқарып отыратын қарым-қатынастан құтқарған қаншалықты дұрыс? Психологтардың айтуынша, ең берік және тату-тәтті отбасыларда ер адам екінші кезектегі рөл атқарады.
Мұндай ер-азаматтар туралы не ойлайсыз?
🕺2012 жылы 6 тамызда Ольга Рыпакова Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Өскемендік спортшы әйелдер арасында үш рет секіру бойынша жеңіл атлетика жарысында тамаша өнер көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ол қарсыластарын басып озып, 14,98 метрді бағындырды. Осылайша сенімді жеңіске қол жеткізді. Бұл олимпиада ойынында жеңіл атлетикадан Қазақстанның екінші алтын медалі болды.
Спортпен шұғылданып, әлемді бағындырыңыз!
👥6 тамыз — танымал екі адамның туған күні. 76 жыл бұрын қазақ актері және кино теоретигі, сыншы, өнертану профессоры Бауыржан Нөгербек дүниеге келді. Ол «Ертегілер өмірге келгенде. Қазақстанның мультипликациялық киносы», «Қазақ ойын киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүрлер» монографиясының, «Қазақстан киносы», «Қазақфильм» экранында” кітабының және 250-ден астам эссе, мақала мен рецензияның авторы. Сондай-ақ бүгін малайзиялық актриса және қытайлық биші Мишель Йео 62 жасқа толды. Азия киносының дамуына қосқан үлесі үшін Азия киноакадемиясы сыйлығының иегері атанды.
Сізге Мишель Йеоның қай фильмі ұнайды?