💪1930 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауылында Кеңес үкіметінің әрекетіне қарсы көтеріліс басталды. Шу-Қоңғыр аймағынан келген Тама руының 300-400 адамнан тұратын атты жасағы жергілікті халықты көтеріліске қатысуға шақырды. Олар кеңес билігінің мекемелерін басып алып, жергілікті полицияны қарусыздандырды. Қозғалысты бұрынғы болыс басқарушысының ұлы Сұлтанбек Шолақұлы басқарды. Бірақ 16 ақпанда Кеңес әскері Созаққа жетіп, ауылға зеңбірек атып, басып кірді. Қиян-кескі шайқас барысында көптеген көтерілісші қаза тауып, тірі қалғандары тұтқындалды. Осылайша, көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Тарихшылар 1928-1931 жылдары Қазақстанда болған кеңес билігіне қарсы көтерілістерді сол кездегі қазақ зиялылары мен басшылары ұйымдастырған болуы мүмкін деген пікірді алға тартады. Кейбір деректерге сүйенсек, Созақ көтерілісінің артында Сәкен Сейфуллин тұрған деген де болжам бар.
👣Бүгін ғылым сүйер қауым Эйлер күнін атап өтеді. Бұл — қысым мен инерциялық күш құбылыстары арасындағы байланысты сипаттайтын нақты коэффициент. Аталмыш ұғым негізінен физика мен математикада қолданылады. Сонымен қатар интегралдық және дифференциалдық типті есептеулерде маңызды рөл атқарады. Оның 2,718281828 санынан басталатын ондық таңбаларының шексіз тізбегі бар және т.б. 1727 жылы Е әрпін алғаш рет Эйлер қолданған, өйткені exponential сөзі осы әріптен басталады, яғни индикативті.
Тағы қандай белгілі сандарды білесіз?
👀Бүгін өрт сөндіргіш құралының пайда болған күні. 1863 жылы 7 ақпанда америкалық инженер Алан Крэй алғашқы өрт сөндіргішті патенттеп, оны металл цилиндр түрінде жасап шығарды. Бұл күннің мәні дәстүрлі өрт қауіпсіздігін сақтау шараларымен байланысты болып келеді. Яғни, осы күні өрт сөндіру техникасын тексеріп, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құрылғыларды ауыстыруға кеңес береміз. Сонымен қатар мереке адамдарды өрт сөндірудегі маңызды заттарға назар аударуға және онымен егжей-тегжейлі танысуға шақырады. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда 11 549 өрт тіркелген. Жалпы материалдық шығын көлемі 24 234 518 000 теңгені құраған. Өкінішке қарай, 326 адам өрт салдарынан қаза тауып, 332 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Өрт қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті!
👥7 ақпан — танымал екі тұлғаның туған күні. Бүгін қазақтың кино және театр актрисасы Гүлжамал Қазақбаева 76 жасқа толды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі театр сахнасында 40-тан астам рөлді сомдады. Біз оны «Ағайынды», «Айналайын», «Дәрігер Ахметова» және «Кемпір» фильмдерінен білеміз. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, жүргізуші, продюсер және инвестор Эштон Кутчер өзінің 47 жасқа толды. Оған “Джобс: Империя соблазна”, “Киллеры” және “Однажды в Вегасе” фильмдеріндегі рөлі танымалдық әкелді. Кутчердің Twitter — дегі аккаунтын бүкіл әлем біледі. Ол қызметті пайдаланушылар арасында бірінші болып 1 000 000 оқырман жинады. Ал қазіргі таңда саны 16 миллионнан асады.