«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 января, 2024


🥰2006 жылы 7 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әніне негізделген Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны бекітілді. Жұмекен Нәжімеденов әннің мәтінін 1956 жылы 21 жасында жазған. Ал Шәмші Қалдаяқов оның өлеңдеріне ән шығарды. Жамал Омарованың орындауындағы ән халық арасында танымалдылыққа ие болды. 1992 жылдан бастап қолданыста болған алғашқы Әнұран мәтінін жазған ақындар: Музафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Жадыра Дарибаева. 2022 жылы бұрынғы Әнұранды қайтару туралы петиция басталды. Алайда ол кең қолдау таппады.

🤩7 қаңтар — Халықаралық бағдарламашылар күні. Бұл маман иелері арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламалар мен алгоритмдерді құрастырады. Бағдарламашылардың арқасында Google, Yandex және басқа да іздеу қосымшалары жұмыс істеп тұр. Тіпті оларсыз қазіргі өмірді елестету қиын. Сондай-ақ бағдарламашылар Facebook және Apple сияқты алып компанияларға иелік етеді.

Егер таныстарыңыздың арасында бағдарламашылар болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🥳Бүгін православие христиандары Рождество мерекесін атап өтеді. Аталмыш күннің тарихы екі мың жыл бұрын Вифлеем қаласында Иисус-Ғайса пайғамбардың өмірге келген күнінен бастау алған. Қазақстанда бұл күні — демалыс. Алайда осы жылы Рождество жексенбіге тұспа-тұс келіп тұр.

 

Егер православие христиандарының арасынан таныстарыңыз болса, оларды Рождество мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🤭7 қаңтар өмірге келген қазақтың танымал тұлғалары. 119 жыл бұрын опера әншісі, режиссер және педагог Құрманбек Жандарбеков (1905-1973) дүниеге келді. Ол — Қазақ ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі. Өнер иесі бірнеше ұлттық балеттің кеңесшісі әрі қоюшы-режиссері бола отырып, қазақ би өнерінің жандануына ықпал етті. Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Ресейдің ғарышкері әрі батыры Талғат Мұсабаев 73 жасқа толды. Ол 1994 жылы ғарышқа алғашқы ұшуы кезінде өзімен бірге Қазақстан туын, бір уыс қазақ топырағын және мұсылмандардың қасиетті кітабы — Құранды алып кеткен болатын. Осы кезде Егемен Қазақстан тарихында тағы бір маңызды оқиға орын алды. Талғат Мұсабаев ашық ғарышқа шыққан алғашқы қазақ ғарышкері атанды.

 

Сіз қазақ ғарышкерлерінен тағы кімді білесіз?