«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 ноября, 2023


🌚2021 жылы 7 қарашада «Абай» шахтасында метанның ауаға тарауы салдарынан кенеттен жарылыс болды. Қайғылы оқиға 08:30-да орын алды. Шахтада 64 қызметкер болған. Оның 56-сы өздігінен эвакуацияланды. Жарылыс кезінде сегіз жұмысшы болған. Олардың алтауы қайтыс болып, екеуі газбен уланды. Биыл 28 қазан күні Костенко шахтасында болған апат салдарынан 46 кенші қаза тапты.

💪7 қарашада аға буын үшін есте қалатын мереке болды. Бұл күні КСРО кезіндегі басты мерекелердің бірі — 1917 жылғы Қазан төңкерісі аталып өтті. Революцияның ұйымдастырушылары Владимир Ленин, Лев Троцкий, Яков Свердлов және т.б. қатысуымен уақытша үкімет құлады. Ал оның орнына большевиктер партиясына тиесілі Кеңестер съезінде құрылған жаңа үкімет келді. Осылайша КСРО мемлекетінің тарихы басталды.  

 

Біздің оқырмандар арасында бұл күнді білетіндер бар ма?

👤1934 жылы 7 қарашада Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Қыз Жібек» операсы қойылды. Сюжет екі ғашықтың трагедиялық махаббатына негізделген.  Нақтырақ айтсақ, патриархалдық-феодалдық негіздермен бетпе-бет келді. Операға қазақтың вокалды-аспаптық шығармалары, халық композиторлары Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса Байжанов, Тәттімбеттің әндері, күйлері, сондай-ақ “Гәкку”, “Алқарай көк”, “Аққұм” терме әндері кірді. “Қыз Жібек” – қазақ музыка өнеріндегі үздік опералардың бірі.

 

Тағы қандай қазақ операларын білесіз?

👥7 қараша өмірге келген қазақтың танымал тұлғалары. 147 жыл бұрын тұңғыш қазақ әділет магистрі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі Жақып Ақбаев (1876-1934) дүниеге келді. Қазақ этнографиясы мен әдет-ғұрпы бойынша еңбектердің авторы саяси көзқарастары үшін бірнеше рет патша өкіметі тарапынан қысымға ұшырап, қамауға алынды. Ол 1958 жылы толығымен ақталды. Бірақ бұл ақпарат  туыстарына 1990 жылы ғана белгілі болды. Сондай-ақ бүгін 15 фильмде ойнаған актриса Жанна Керімтаева 71 жасқа толды. Өнер иесі 1980 жылы танымалдылықтың шыңына жетті. 1986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісінің суреті сол кезде танымал кино туралы «Совет экраны» журналының мұқабасына шықты. Сонымен қатар ол Жүргенов атындағы Өнер академиясында актерлік шеберліктен сабақ берді.