🥹7 қазанда лайықты еңбегі үшін Дүниежүзілік іс-қимыл күні аталып өтеді. Бұл күні әлемдегі кәсіподақтар бірлесе отырып барлық жұмысшыны лайықты еңбекпен қамтамасыз етуді қолдайды. Себебі аталмыш әрекет әлеуметтік тұрақтылықтың, әлеуметтік өсудің және елдердің тұрақты дамуының кепілі. Есіңізде болсын, егер сіз заңсыз жұмыстан шығарылсаңыз немесе жұмыстан кетуге мәжбүр болсаңыз, жалақысыз қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз немесе демалыс құқығынан айырылсаңыз, сіз әрқашан жұмыс берушінің үстінен шағым түсіре аласыз.
Барша оқырманымыз сүйікті жұмысымен айналысып, жоғары жалақыға ие болсын!
🫥7 қазан тригеминальды невралгия туралы хабардар етудің халықаралық күні. Тригеминальды жүйке – бас сүйек нервтерінің ең үлкені және көптеген бет функцияларын басқаратын 12 жұп нервтен тұрады. Бұл өте қатты ауырсынуды тудырады. Сондықтан бұл жағдайды “өзін-өзі өлтіру ауруы” деп атайды. Шамамен 15-20 мың адамның біреуі невралгиядан зардап шегеді. Бірақ іс жүзінде қате диагноз қою жағдайларына байланысты “құрбандар” саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тек соңғы жылдары бұл мәселеге ерекше көңіл бөліне бастады. Өйткені белгілі адамдар аталмыш ауруға көп шалдыққан.
👏1999 жылдың 7 қазанынан бастап Берлин көшелерінің бірі Абай Құнанбаевтың есімімен аталды. Қазақтың ұлы жазушысы және ағартушысы әлемнің көптеген тіліне аударылған Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романының арқасында Германияда танымал болды. Неміс жұртшылығы да Абайдың аудармашы қызметін жоғары бағалады. Соның арқасында қазақтар Гете шығармаларын ана тілінде оқи алады. Абай-штрассе көшесі Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің жанында орналасқан.
🥳7 қазан екі танымал адамның туған күні. Бүгін актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов 72 жасын атап өтеді. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері мансап жолында театр мен кинода 200-ден астам рөлді ойнады. Оның жұмысы сезімнің терең шынайылығымен, ерекше темпераментімен ерекшеленеді. Халық және заманауи композиторлардың әндерін жиі орындайды. Сондай-ақ бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 71 жасқа толды. Өткен жылы ол ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қазақстанға көптеген ресейлік келді және олардың көпшілігі қалды. Деректерге сәйкес, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 109 852 ресей азаматы Қазақстандық ЖСН алды. Ал 2022 жылы олардың саны 280 983-ке жетті. Осы тұста ХҚКО жұмысының шамадан тыс көп болуына байланысты шетелдіктерге қызмет көрсету үшін қосымша орындар ашылды.
Владимир Путиннің туған күніне қандай тілегіңіз бар?