🎖 Бүгін — Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Аталмыш күн ер-азаматтардың мерекесі болып есептеледі. 1992 жылы 7 мамырда Елбасының Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылып, 2012 жылдан бастап мереке күні болып бекітілді. Бұл күні Отанды қорғап, ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметкерлерді құттықтау дәстүрге айналған. Ескере кету керек, әскерде қызмет ететін әйел адамдар да бар. Олардың көпшілігінде тіпті офицерлік шен бар.
Бүгін ер-азаматтарымыз қандай сыйлық алады екен? 🧐
🐛Мамыр айының алғашқы жексенбісі — Халықаралық пермамәдениет күні аталып өтеді. Пермамәдениет — дәстүрлі ауылшаруашылық әдісінде қолданылатын органикалық егіншіліктің кең таралған түрі. Ол заманауи ғылым мен технологияға негізделген. Қазақстан аумағының басым бөлігі адам өміріне қолайсыз болғандықтан, пермамәдениетті дамытудың пайдасы зор. Мәселен, бұл әдіс көлдер салуға, топырақты құнарландыруға, орманды кеңейтуге, инфрақұрылым арқылы жерді жандандыруға көмектеседі.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🌒Бүгін Халықаралық планетарийлер күні. Мерекенің мақсаты – жұртшылықты планетарийлердің қызметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау. 1925 жылы 7 мамырда Германияда әлемдегі алғашқы планетарий ашылды. Қазіргі уақытта әлемде екі мыңнан астам планетарий бар. Қазақстанда 1967 жылы Ақтөбеде бірінші стационарлық планетарий ашылды және қазіргі уақытта астрономиялық білім мен астронавтиканы танымал ететін жетекші орталық.
Жұлдыздарды тамашалағанды ұнатасыз ба?
🌞 Сонымен қатар бүгін — Дүниежүзілік көңіл көтеру күні. Күлкінің жақсы екенін бәрі біледі. Алайда оның күнделікті өмірде денсаулығымыз бен әл-ауқатымызды жақсартуда қаншалықты құнды екенін түсінетіндер аз. Алғашқы мерекені 1998 жылы Мумбайда доктор Катира ұйымдастырды. Оның қатарынатҮндістанның түкпір-түкпірінен, тіпті шетелден арнайы келген ізбасарлары қосылды. Осылайша 2000 жылы Данияның астанасына 10 мыңнан астам адам жиналады. Олар Копенгагеннің орталық алаңына жиналып, бір ауыздан күлді. Бұл оқиға тіпті Гиннестің рекордтар кітабына да енген.