🌚Бүгін — Отан қорғаушылар күні. Бұл күн 1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылған күн ретінде тарихта қалды. Ал 2012 жылдан бастап ресми мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Бұл күні Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметкерлерді құттықтап, оларға алғыс білдіру дәстүрге айналған.
Айта кетейік, бүгінде Қарулы Күштер қатарында ерлермен қатар, офицерлік шенге ие болған әйелдер де қызмет атқарып жүр.
Бүгін ер-азаматтарымыз қандай сыйлық алады екен?
🌎Бүгін — Халықаралық планетарийлер күні. Мерекенің мақсаты – жұртшылықты планетарийлердің қызметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау. 1925 жылы 7 мамырда Германияда әлемдегі алғашқы планетарий ашылды. Қазіргі уақытта әлемде екі мыңнан астам планетарий бар. Қазақстандағы алғашқы тұрақты планетарий 1967 жылы Ақтөбе қаласында ашылып, қазір де астрономия мен ғарыш саласын насихаттайтын алдыңғы қатарлы орталықтардың бірі саналады.
Жұлдыздарды тамашалағанды ұнатасыз ба?
🤩1887 жылы 7 мамырда америкалық Томас Стивенс велосипедпен әлем бойынша алғашқы саяхатын жасады. Ол шамамен 20 мың шақырым жол жүріп, үш жылдан аса уақыт жолда болды. Бүкіл әлем бойынша сапары барысында Стивенс өзінің саяхат жазбаларын Harper’s Magazine журналына жіберді, ол кейінірек 1000 беттен тұратын екі томдық “Велосипедпен әлемді саяхаттау” кітабында жарияланды. Стивенстің велосипеді Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұражайда сақталды. Алайда ол соғысқа қолдану мақсатында істен шықты.
Велосипедпен алыс сапарларға шыға аласыз ба?
🤩Сонымен қатар бүгін дүниежүзілік күлкі күні аталып өтеді. Күлкінің жақсы екенін бәрі біледі. Алайда оның күнделікті өмірде денсаулығымыз бен әл-ауқатымызды жақсартуда қаншалықты құнды екенін түсінетіндер аз. Бұл күн алғаш рет 1998 жылы Үндістанның Мумбай қаласында доктор Катари есімді адамның бастамасымен атап өтілді. Кейін бұл бастама бүкіл елге, тіпті шетелге тарап кетті. 2000 жылы Дания астанасы Копенгагенде күлкі мерекесіне 10 000-нан астам адам жиналып, бір уақытта күліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.