«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 июня, 2022


☑️Жыл сайын 7-ші маусымда Дүниежүзілік Азық-түлік қауіпсіздігін қорғау күні атап өтіледі. Азық-түлік қауіпсіздігі өндіріс тізбегінің барлық кезеңдерінде: өндіруден бастап жинауға, өңдеуге, сақтауға, таратуға және дайындау мен тұтынуға дейін маңызды рөл атқарады. Сапасыз азық-тұліктен жыл сайын шамамен 600 миллион тағам аурулары туады. Ол адам денсаулығы мен экономикаға қауіп төндіреді. Жыл сайын 420 000 адам микроорганизмдермен немесе химиялық заттармен ластанған тағамдарды жеп, қайтыс болады. Әсіресе балалар зардап шегеді. Қайтыс болғандардың 40%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды. Жыл сайын, осы аурулардан 125 000 бала қайтыс болады.

Химиялық қоспасыз тағам жеп, өзіңізді күтіңіз!

☑️Бүгін — циниктер күні. Циник — қазіргі қоғамда құпталатын әртүрлі мәдени және адамгершілік құндылықтарға өзіндік менсінбейтін көзқарасы бар адам. Кез келген цинизм өрескелдікпен, әдепсіздікпен, кейде дөрекілікпен байланысты. Циниктер күнімен сіз өз достарыңыздың ішінде кімді осы топқа жатқызасыз, солардың барлығын құттықтауға болады.

☑️7-ші маусым – бейтаныс кофехана күні. Кофе әуесқойлары бұл мерекені міндетті түрде есте сақтайды және оны ұнатады. Жайлы кофеханалардың барлық әуесқойларына жаңа орынға барып, сүйікті хош иісті сусынның дәмін татуға кеңес беріледі.

Сізге қандай кофе ұнайды?

☑️Бүгін әлемге әйгілі екі актердің туған күні. Британ актері Лиам Нисон 70 жасын атап өтті. Үздік ер адам рөлі үшін Волпи кубогының иегері, Шиндлердің тізіміндегі рөлі үшін Оскарға үміткер. Британ империясының орденінің офицері. Ал Эмили Ратаковски 1991 жылы 7 маусымда дүниеге келген – американдық модель және актриса. «128 ударов сердца в минуту», «Красотка на всю голову», «Искусство обмана» фильмдерінен танымал.

Сізге кім көбірек ұнайды: Эмили Ратайковски ма, Лиам Нисон ба?