«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 июня, 2024


😎7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл мамандардың негізгі міндеті – бәсекелестік ортаны құру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысымен “7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні” болып бекітілді. Бұл күнді монополияны дамытуға жәрдемдесіп жүрген адамдар ресми түрде атап өтеді. Аталмыш орган Қазақстан Президентіне ғана бағынады.

Егер монополияға қарсы орган қызметкерлерін білсеңіз, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

😋7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні аталып өтеді. Азық-түлік сапасының нашар болуы 200-ден астам аурудың өршуіне әсер етеді. Өсімдіктерді өсіруге қолданатын химиялық заттар адам ағзасына түскенде аллергия, асқазан-ішек ауруларын, тіпті қатерлі ісікті де тудырады. 2016 жылы БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі проблемасына назар аударуды қолға алды. Себебі өнімдердің сапасыздығынан жыл сайын әлемде жүз мың адам көз жұмуда. Олардың 40 %-ы 5 жасқа дейінгі балалар.

Химиялық қоспасыз тағамдарды тұтыну арқылы денсаулығыңызға күтім жасаңыз!

🥸7 маусым – циник күні. Олар – әлеуметтік, мәдени немесе діни құндылықтарды, сондай-ақ моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін елемейтін адамдар. Көп жағдайда цинизм өрескелдікпен, әдепсіздікпен, дөрекілікпен байланысты болып келеді.

Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз, оларды осы күнмен құттықтай аласыз!

🥳7 маусым — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 110-нан астам фильмде басты рөлді сомдаған британдық актер Лиам Нисон 73 жасқа толды. “Список Шиндлера” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” ұсынылып, “Үздік ер адам рөлі” номинациясы бойынша Вольпи кубогының иегері атанды. Сонымен қатар бүгін Британ империясының орденінің офицері, америкалық модель әрі актриса Эмили Ратаковски 33 жасын атап өтеді. Өнер иесі “128 ударов сердца в минуту”, “Красотка на всю голову”, “Искусство обмана” фильмдерімен көпшілікке танылды.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Эмили Ратаковски немесе Лиам Нисон?