☀️7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – елімізде адал әрі әділ бәсекелестіктің дамуына бар күшін салып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Бәсекелестікті қорғау органы тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана бағынады.
Егер араларыңызда осы салада еңбек етіп жүрген таныстарыңыз болса, бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
🍒7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні де аталып өтеді. Азық-түлік сапасының төмен болуы 200-ден астам түрлі аурудың туындауына себеп болады. Өсімдіктерді өсіру кезінде қолданылатын химиялық заттар адам ағзасына түсіп, аллергия, асқазан-ішек аурулары, тіпті қатерлі ісікке де алып келуі мүмкін. БҰҰ бұл мәселеге 2016 жылы ерекше назар аударды. Әлем бойынша жыл сайын жүздеген мың адам сапасыз тағамнан көз жұмады, олардың 40%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Денсаулығыңыз үшін құрамында химикаты жоқ табиғи өнімдерді тұтыныңыз!
🗣7 маусымда тағы бір қызық күн — циник күні аталып өтеді. Бұл күн әлеуметтік, мәдени немесе діни құндылықтарға, мораль мен этика нормаларына немқұрайлы қарайтын, кейде оларды әдейі елемейтін адамдарға арналады. Цинизм көбіне дөрекілікпен, әдепсіздікпен, тіпті кейде ашықтан-ашық қыңырлықпен сипатталады.
Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз, бүгінгі ерекше күнмен «құттықтап” қойыңыз!
👥7 маусым — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 110-нан астам фильмде басты рөлді сомдаған британдық актер Лиам Нисон 74 жасқа толды. “Список Шиндлера” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” ұсынылып, “Үздік ер адам рөлі” номинациясы бойынша Вольпи кубогының иегері атанды. Сонымен қатар бүгін Британ империясының орденінің офицері, америкалық модель әрі актриса Эмили Ратаковски 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі “128 ударов сердца в минуту”, “Красотка на всю голову”, “Искусство обмана” фильмдерімен көпшілікке танылды.
Сізге қай өнер иесі ұнайды: Эмили Ратаковски немесе Лиам Нисон?