«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 апреля, 2024


🪪Бүгін — Дүниежүзілік денсаулық күні. 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылды. Бұл күн денсаулығыңызға өз бетіңізше қамқорлық жасауға шақырады. Өйткені кейде мейірбикелер  дәл уақытында көмек беріп үлгермеуі мүмкін.  Дәрігер толықтай емдеп, бастапқы денсаулығымды қалыпқа келтіреді деген жансақ пікірден арылған жөн. Есіңізде болсын, денсаулықты күту — өмір сүру сапаңызға жасалған үлкен инвестиция. Сол себепті мамандар денсаулық адам өміріндегі ең құнды нәрсе екенін жиі еске салады.

 

Баршаңызға зор денсаулық тілейміз! 

🐻7 сәуірде жануар сүйер қауым халықаралық құндыз күнін атап өтеді. Бұл күн көпшіліктің назарын осы жануардың азайып бара жатқан санына аудартып, оны қалпына келтіру үшін қолға алынды. Жүз жыл бұрын құндыз жойылу үстінде болды. Өйткені Еуропа мен Ресейдің көптеген елі оның темірі мен құнды терісін емдік мақсатында жаппай қолданды. Құндыз да адам сияқты бөгет салып, шұңқыр қазып, қоршаған ортасын өзгертуге бейім болып келеді. Ұзындығы 850 метр болатын ең үлкен құндыз бөгеті Канаданың ұлттық саябағында орналасқан.

 

Құндыз Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі? 

 

🤝2021 жылы 7 сәуірде Жамбылдың алғашқы жыр жинағы венгр тілінде жарық көрді. Ұлы дала дастанының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген “Жамбыл жырлары — Dzsambul muvei” жинағына венгр тілінде аудармасы бар қазақ тіліндегі өлеңдер мен мазмұнды зерттеу мақалалары енгізілген. Венгрия — Түркі мемлекеттері ұйымындағы бақылаушы ел. Бірақ жақын арада ұйымға кіруді жоспарлап отыр. 

 

Түркі мемлекеттерінің ұйымына қай елдер кіреді? 

👥7 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 153 жыл бұрын шетелде кең танымалдыққа ие болған тұңғыш қазақ спортшысы Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) дүниеге келді. Аты аңызға айналған палуан классикалық күрестен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 5 рет жеңіске жетіп, француз күресінен әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстанда күрестің қалыптасуы мен дамуына, оның ішінде қазақ күресін насихаттауға зор үлес қосты. Спортшы туралы фильмдер түсірілді. Жыл сайын оны еске алу мақсатында турнирлер өтеді. 

Сонымен қатар бүгін фильмнің атыс-шабыс бағытында танымал болған кейіпкерлердің бірі Джеки Чан 70 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 100-ден астам фильмде ойнады. Өнер иесі әлемдегі ең атақты азиялық актерлердің бірі. Өнер иесі киноға түсуден бөлек, ән айтумен де айналысады. Киноға қосқан үлесі үшін  “Оскар” сыйлығын иеленіп, MBE және ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі атанды. 

Қалаңызда Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімімен аталған қандай көшелер мен ғимараттар бар?