«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 июля, 2024


🌸Шілденің бірінші жексенбісі “Домбыра күні” аталып өтеді. Домбыра – қазақ мәдениетінің нышаны. Ол тек музыкамен ғана байланысты емес. Сонымен қатар ақпаратты қабылдау мен жеткізудің, жақсы жаңалықты жариялаудың қайнар көзі болып келеді. Оның көмегімен қазақтар жанұясының, туған ауылының жетістіктері туралы айтты. Бұл мереке қазақ қоғамын мәдени мұра құндылықтары мен жасампаз идеялары төңірегінде топтастыру мақсатында құрылған.

Сізге қай атақты күйші ұнайды?

🤝2007 жылы 7 шілдеде XXI ғасырдағы “Әлемнің жеті кереметінің” тізімі белгілі болды. Әлемнің ең үздік архитектуралық құрылымдарына интернет, телефон және SMS арқылы дауыс берді. Олар: Колизей (Рим, Италия), Ұлы Қытай қорғаны, Мачу-Пикчу (Перудағы көне қала), Петра (Иорданиядағы көне қала), Тәдж-Махал кесенесі (Агра, Үндістан), Құтқарушы Христос мүсіні (Рио-де-Жанейро, Бразилия), Чичен-Ица (Мексикадағы Майя мәдени орталығы). Өкінішке қарай, аталмыш тізімге Бостандық мүсіні (Нью-Йорк, АҚШ), Айя София (Стамбул, Түркия), Эйфель мұнарасы (Париж, Франция), Мысыр пирамидалары және басқа да көптеген атақты ғимарат кірген жоқ.

Сіз қай архитектуралық құрылымға дауыс берер едіңіз?

🤗7 шілде — Дүниежүзілік кешірім күні. Байқасаңыздар, ішінде реніш пен ашуы бар адам жиі күйзеліске ұшырайды. Мұндай кезең қан қысымының жоғарылауына, алаңдаушылыққа, депрессияға және емдеуге қиын басқа да психологиялық жарақаттарға әкеледі. Кінәлілерді кешіру және өз қателігін мойындау психиканы деструктивті жүктемеден арылта алады. Бұл күнді түрлі келеңсіз жайттардан бас тартуға, адамдармен қарым-қатынасты қалпына келтіру себебі ретінде пайдаланыңыз.

🗣2013 жылдың 7 шілдесінде K-pop бағыты бойынша әлемге танымал ВТЅ тобы құрылды. Топ жеті адамнан құралған. Олар: RM (топ жетекшісі), Чин, Суга, Дж-Хоуп, Чимин, В және Чонгук. 2017 жылы BTS Billboard Music Awards сыйлығында “Үздік әлеуметтік медиа әртісі” жүлдесін жеңіп алып, әлемдік музыка сахнасындағы үздік корей топтарының біріне айналды. 2020 жылы BTS Оңтүстік Корея тарихындағы сатылымы жоғары топ атанды. 2022 жылы олар мансаптық үзіліс алғандарын жеткізді.

Қазақтың қандай K-POP тобын білесіз?