«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 августа, 2023


🙏7 тамыз — Халықаралық кешірім күні. Адамдар арасындағы келіспеушіліктер мен олардың негізінде туындаған

қақтығыстар жағымсыз эмоциялар тудырып, психологиялық жарақаттар мен депрессияға әкелуі мүмкін. Тарихта ондаған жылға созылған араздық үлкен қасіреттерге әкелген жағдайлар көп айтылған. Дүниежүзілік әдебиетте бұл қайсарлық Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» драмасында көрініс тапты. Оның сюжетінің ортасында Монтегелер мен Капулеттердің тартысы жатыр. 

 

Сіз осындай күндерді қолдайсыз ба?

⭐️7 тамыз – Ақпа жұлдыздар күні. Жаздың соңғы айында жүздеген мың аспан денелерін тамашалауға мүмкіндік бар. Себебі жылдың осы уақытында Персеид метеорлық ағынының концентрациясы жоғары болады. Персеид шоқжұлдызында пайда болған метеориттердің шығу тегі Свифт-Таттл кометасына байланысты. Жыл сайын «жұлдызды жауын» Жер Скифт-Таттл кометасының ұсақ ұшқындарынан өткен кезде Персеид шоқжұлдызы жағынан пайда болады. Сол ұсақ бөлшектер ауада жанып, метеорлар от-шашуын қалыптастырады.

Жұлдыз аққанда тілек айтасыз ба? 

👥7 тамыз — шығармашылықпен байланысты екі танымал қазақтың туған күні. 77 жыл бұрын кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ментай Өтепбергенов (1946-2016) дүниеге келді. Өнер иесі өз рольдерінде он жеті ұлттың өкілін сомдай отырып, 60 фильмге түсті. Сонымен қатар мультфильмдерге дауыс жазды. Сондай – ақ бүгін виртуоз виолончелист, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Ермек Құрманаев 43 жасқа толды. Ол көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты (Австрия, 1996; Польша, 1998; Франция, 2005; Ресей, 2009). Қазақстанның алтын виолончелі (2006).

👀7 тамыз — әлемдегі екі атақты адамның туған күні. Бүгін Оңтүстік Африкалық актриса әрі продюсер Шерлиз Терон 48 жасын атап өтеді. «Оскар»сыйлығының иегері «Хэнкок», «Адвокат дьявола», «Форсаж» фильмдерімен танымал. Сонымен қатар бүгін американдық актер, сценарист, продюсер, режиссер, жазушы және музыкант Дэвид Духовны 63 жасқа толды. Өнер иесі «Алтын глобус» сыйлығын екі мәрте иеленді. Бәрімізге «Секретные материалы» телехикаясының ФБР агенті Фокс Малдер ретінде танымал.

 

Сізге қай актер ұнайды: Шерлиз Терон немесе Дэвид Духовны ма?