👀7 тамыз — Халықаралық кешірім күні. Адамдар арасындағы келіспеушіліктер мен олардың негізінде туындаған қақтығыстар жағымсыз эмоциялар тудырып, психологиялық жарақаттар мен депрессияға әкелуі мүмкін. Тарихта ондаған жылға созылған араздық үлкен қасіреттерге әкелген жағдайлар көп айтылған. Дүниежүзілік әдебиетте бұл қайсарлық Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” драмасында көрініс тапты. Оның сюжетінің ортасында Монтегелер мен Капулеттердің тартысы жатыр.
Сіз осындай күндерді қолдайсыз ба?
🗣7 тамыз күні бүкіл әлемде кәсіби ораторлар күні аталып өтеді. Ежелгі заманнан бері адамның дарындылығы оның іс-әрекетімен ғана емес, сонымен бірге өз ойын аудиторияға дұрыс жеткізе білу шеберлігімен де анықталған. Қазіргі кезде шешендік өнер, логика, актерлік және тағы басқа психологиялық әдістердің тәсілін шешендер жақсы меңгерген. Құзыретті және логикалық құрылымды сөйлеудің көмегімен қоғамдық пікірді манипуляцияға ұшырату, сөйлеушіге қажет ең маңызды нәрсе.
Сіздің ойыңызша, қазір Қазақстандағы ең мықты оратор кім?
💪7 тамыз – Ақпа жұлдыздар күні. Жаздың соңғы айы жүздеген мың аспан денелерінің көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Себебі жылдың осы уақытында Персеид метеорлық ағынының концентрациясы жоғары болады. Персеид шоқжұлдызында пайда болған метеориттердің шығу тегі Свифт-Таттл кометасына байланысты. Жыл сайын «жұлдызды жауын» Жер Скифт-Таттл кометасының ұсақ ұшқындарынан өткен кезде Персеид шоқжұлдызы жағынан пайда болады. Сол ұсақ бөлшектер ауада жанып, метеорлар от-шашуын қалыптастырады.
Жұлдыз аққанда тілек айтасыз ба?
👥7 тамыз — танымал екі актердің туған күні. 78 жыл бұрын кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ментай Өтепбергенов (1946-2016) дүниеге келді. Өнер иесі он жеті ұлт өкілін сомдай отырып, 60 фильмге түсті. Сонымен қатар мультфильмдерге дауыс жазды. Сондай – ақ бүгін Оңтүстік Африкалық актриса әрі продюсер Шерлиз Терон 49 жасқа толды. «Оскар»сыйлығының иегері «Хэнкок», «Адвокат дьявола», «Форсаж» фильмдерімен танымал.