«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 Қыркүйек, 2023


🌤7 қыркүйекте БҰҰ бастамасымен Халықаралық ашық аспан астындағы таза ауа күні аталып өтеді. CO2 көмірқышқыл газы атмосфераның жай-күйіне теріс әсер етіп, климаттың өзгеруіне және басқа да апатты зардаптарға әкеледі. Сондай-ақ ауаның ластануы демікпе мен созылмалы респираторлық ауруларға, өкпенің қатерлі ісігіне, инфаркт пен инсультке шалдықтырады. Бұл балаларда, әйелдер мен қарт адамдарда жиі кездеседі. 

Сіз осындай күндерді қолдайсыз ба? 

💫7 қыркүйек Дүниежүзілік әскери ойыншықтан бас тарту күні аталып өтеді. Кейбір психологтардың пікірінше, әскери ойыншықтар балалардың психикасының дамуына теріс әсер етеді. Соңғы жылдары балалар ойындарында көп өзгерістер орын алды. Соған байланысты оларда агрессия күшейді. Сонымен қатар кейбір әскери ойыншықтар, атап айтатын болсақ, оқтары бар пневматикалық тапаншалар шын мәнінде өте қауіпті. Бұл күннің мақсаты –  ұйымдастырушылар тапанша мен пышақтарды баланың дамуына әсер ететін ойыншықтармен алмастыруға шақырады.

 

Балалар агрессивті болып кеткен деген оймен келісесіз бе? 

💪7 қыркүйек – Халықаралық Дюшен бұлшықет дистрофиясы туралы ақпараттандыру күні. Бұл күннің мақсаты – бұлшықет дистрофиясының ең ауыр түрі, ерте диагностика мен емдеудің маңыздылығы туралы ақпарат тарату. Ол көбінесе ер адамдарға қатты әсер етеді. Алғашқы белгілер 4 жаста пайда болады. Ал 12 жаста көпшілігі мүгедектер арбасына таңылып жатады. Науқастардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 26 жыл. Бірақ жақсы күтім мен жүйелі терапиямен олар 30-40 жылға дейін өмір сүре алады.

🎼7 қыркүйек – Барабаншылар күні. Барабан – әлемдегі ең көне әрі көпшілікке танымал музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан оның кез келген халықтың мәдениетінде айқын көрінуі таңғаларлық жайт емес. Оның көмегімен жабайы жануарларды қуып жіберді. Қала берді белгі беріп, жауынгерлердің рухын көтерді. Тіпті шамандық рәсімдерді де өткізді. Бүгінгі таңда ырғақты барабан соғу кез келген музыкалық бағыттың әуенінің қарқынын үйлесімді белгілейді. 

 

Егер сіз барабанда ойнайтын таныс адамдарды білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!