«Үйде жатпа» күнтізбесі. 7 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 07 Желтоқсан, 2023


✈️Бүгін – Азаматтық авиация күні. 1944 жылы 7 желтоқсанда 52 мемлекеттің өкілі Чикагода Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияға қол қойды. Бүгінде кез келген авиация жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен ғана емес, сонымен қатар халыққа медициналық көмек көрсету және табиғи апаттар кезінде пайдаланылады. Өткен жылы Қазақстанда ішкі рейстерді 57 бағыт бойынша бес отандық авиакомпания орындаса, халықаралық рейстерді 28 елге 115 бағыт бойынша орындаған.

 

Ұшақпен, пойызбен немесе көлікпен саяхаттағанды ұнатасыз ба?

⭐️2017 жылы 7 желтоқсанда асық ату қазақтың дәстүрлі ойыны ретінде UNESCO адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл ойын өскелең ұрпақтың этникалық тегіне қарамастан мәдениеттердің достығын нығайтып, танымдық және физикалық дағдыларды дамытуға көмектседі. Асық – қазақ халқының әлеуметтік бірлігін нығайтуда, бірлік пен бірегейлік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 

Ал сіз асық атуды жақсы ойнадыңыз ба?

🌷Бүгін АҚШ – та Перл-Харборға жасалған шабуылды еске алу күні аталып өтеді. 1941 жылы 7 желтоқсанда  Жапония АҚШ базасына ескертусіз шабуыл жасады. Бұл оқиғадан кейін АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуға мәжбүр болды. 353 жапондық ұшақ Гавай аралдарына жасырын ұшып, екі сағат ішінде АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының негізгі күштерін талқандады. Осылайша американдықтардың шығыны 3,5 мыңнан астам адамды құрады.

 

«Перл-Харбор» фильмін көрдіңіз бе?

👥7 желтоқсан өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ағылшын кино және теледидар актері Николас Холт 34 жасқа толды. Оның “Х адамдар: бірінші класс”, “Хадамдар: Жақын болашақтың адамдары” және “Х адамдар: Апокалипсис” комикстеріндегі мутант құбыжық рөлі оған дүниежүзілік даңқ әкелді. Сонымен қатар бүгін 12 мәрте әлемдік рекорд орнатқан жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю 29 жасын атап өтеді. Екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан барлық титулды жеңіп алған тарихтағы алғашқы адам.

 

Сіз мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылардан кімді білесіз?