✈️Бүгін — Азаматтық авиация күні. 1944 жылы 7 желтоқсанда 52 мемлекеттің өкілі Чикагода Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияға қол қойды. Бүгінде авиация жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда ғана емес, халыққа медициналық көмек көрсету, іздеу-құтқару жұмыстары және және табиғи апаттар кезінде де пайдаланылады. Өткен жылы Қазақстанда ішкі әуе рейстерін бес отандық авиакомпания 57 бағыт бойынша орындаса, ал халықаралық рейстер 28 елге 115 бағыт бойынша жүзеге асты.
Ұшақпен, пойызбен немесе көлікпен саяхаттағанды ұнатасыз ба?
💪2017 жылы 7 желтоқсанда асық ату ойыны қазақтың дәстүрлі ойыны ретінде UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл ойын этникалық тегіне қарамастан, өскелең ұрпақ арасындағы мәдениет пен достықты нығайтып, танымды және физикалық дағдылардың дамыуына әсер етеді. Асық — қазақ халқының әлеуметтік бірлігін нығайтуда және өзіндік ерекшелігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ал сіз асық атуды жақсы ойнадыңыз ба?
👀Бүгін АҚШ-та Перл-Харборға жасалған шабуылды еске алу күні аталып өтеді. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония АҚШ базасына ескертусіз шабуыл жасады. Бұл оқиғадан кейін АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуға мәжбүр болды. 353 жапондық ұшақ Гавай аралдарына жасырын ұшып, екі сағат ішінде АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының негізгі күштерін талқандады. Осылайша америкалықтардың шығыны 3,5 мыңнан астам адамды құрады.
“Перл-Харбор” фильмін көрдіңіз бе?
👥7 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. Бүгін ағылшын кино және теледидар актері Николас Холт 35 жас мерейтойын атап өтеді. “Х адамдар: бірінші класс”, “Х адамдар: Жақын болашақтың адамдары” және “Х адамдар: Апокалипсис” комикстеріндегі мутант құбыжық рөлі оны әлемге әйгілі етті. Сонымен қатар бүгін 12 мәрте әлемдік рекорд орнатқан жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю 30 жасқа толды. Екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан барлық титулды жеңіп алған тарихтағы алғашқы адам.
Сіз мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылардан кімді білесіз?