«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 февраля, 2025


🤩Ақпан айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік кино күні аталып өтеді.Бұл күн – кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Люмьер ағайындыларына көрсетілген құрмет белгісі. 1895 жылдың 13 ақпанында олар қозғалыстағы бейнені түсіруге арналған аппаратқа патент алды. Сол жылдың желтоқсанында өнертапқыштар Cinematographe құрылғысының мүмкіндігін көпшілікке таныстырып, Парижде алғашқы киносеанс ұйымдастырды. Бұл кеште көрсетілген «Пойыздың Ла-Сиотаға келуі» фильмі көрермендер арасында үлкен әсер туғызып, кино өнерінің жаңа дәуірін ашты. Люмьер ағайындылары 1895 жылдан 1946 жылға дейін 1 800-ден астам фильм түсіріп, олардың барлығы бүгінде Францияның киноархивінде сақталған.

Ал сіздің сүйікті фильміңіз қандай? 

💪Бүгін БҰҰ-ның бастамасымен жас антифашист қаһармандар күні аталып өтеді. 1964 жылдан бастап бұл күн Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистермен шайқаста қаза тапқан балалар мен жасөспірімдерді еске алуға арналған. 1943 жылдың 8 ақпанында Францияда бес лицей оқушысы астыртын ұйымдағы жолдастарын сатудан бас тартқаны үшін фашистердің қолынан қаза тапты. Сол жылдың 8-9 ақпаны аралығында “Жас гвардия” антифашистік ұйымының тоғыз мүшесі аяусыз азаптаудан кейін КСРО-да ату жазасына кесілді.

🗣Бүгін — Сүйіктіңізге ұсыныс жасау күні. Әрбір ер адам өмірлік серігін таңдайтын кезде өте маңызды шешіммен бетпе-бет келеді. Себебі бұл қадам жүрегіңізден орын алған арумен өміріңіздің қалған бөлігін бірге өткізуге бағытталады. Егер сіз өз жұбыңызды тауып, маңызды қадам жасауға бел байласаңыз, онда бүгін – сол ұсынысты жасауға таптырмас күн. Бұл күн — сүйіспеншілік пен романтикаға толы. Олай болса, маңызды шешім қабылдауға аяқ басқан әрбір жігіт сүйіктісінің жүрекжарды “Иә!” деген жауабын алып, берекелі шаңырақ көтерсін! 

 

👥8 ақпан — атақты екі адамның туған күні. 197  жыл бұрын француз жазушысы, шытырман оқиғаға негізделген әдебиет классигі, ғылыми фантастика жанрының негізін салушылардың бірі Жюль Верн (1828-1905) дүниеге келді. Оның кітаптары әлем бойынша көптеген тілге аударылды. Тіпті атақты өнертапқыштар Верннің әңгімелеріндегі идеялардан шабыт алатынын да мойындады. Айдағы астероид пен кратерге жазушының есімі берілген. Ал 191 жыл бұрын химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырған орыс химигі Дмитрий Менделеев (1834-1907) өмірге келді. Ғалым түсінде қасиеттері ұқсас химиялық элементтердің қалай топтасқанын көріп, оны қағазға түсірген. Осылайша әйгілі периодтық жүйе пайда болды.


Читайте также