«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 ноября, 2024


🤩8 қарашада дәстүрлі түрде Қазақстанның Статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл қызмет әртүрлі бағытта ақпаратты жинау, өңдеу, жүйелеу және сақтау бойынша өте маңызды жұмыстарды орындайды. Мемлекетке аталмыш деректер салалық бюджеттерді белгілеу кезіндегі жұмысты оңтайландыру үшін әртүрлі сала мен ведомстволардың жұмысын талдауға қажет. 1920 жылы Қазақ КСР-де статистика қызметі құрылғандықтан, 8 қараша мереке күні ретінде таңдалды.

 

Егер таныстарыңыздың арасында Статистика қызметкерлері болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

 

😇8 қараша — Халықаралық пианистер күні. XVIII ғасырда фортепианоның бастапқы құрылысы клавесин және клавихорд негізінде жасалды. Оны итальяндық шебер Бартоломео Кристофори жүзеге асырды. Фортепианоның пайда болуы арқылы әлемде таланатты пианистердің қатары көбейді. Олардың шығармалары ғасырлар бойы жалғасын тауып, музыка әуесқойларын ерекше қуанышқа бөлеп келеді. 

 

Қазақ пианистерінен кімдерді білесіз?

 

 

🤩Бүгін — Халықаралық КВН күні. 1961 жылы 8 қарашада көңілді әрі тапқырлар ойыны алғаш рет эфирге шықты. Оның ережесі — командалардың әрқайсын таныстыру, сәлемдесу, дайындық, музыкалық байқау және үй тапсырмасы болды. Бүгінде КВН әлемдік деңгейде үлкен қолдауға ие. Сонымен қатар Қазақстанның ЖОО-да КВН командалары бар.

 

Сіздің ойыңызша, елімізде танымал КВН командалары қайсы?

👥8 қараша — танымал екі адамның туған күні. 368 жыл бұрын ағылшын астрономы, математик және демограф Эдмунд Галлей (1656-1742) дүниеге келді. Оның есімі әлемдегі ең танымал кометаға берілген. Себебі ол кометаның жер аспанында пайда болу жиілігін есептеді. Ай мен Марстағы кратерлер де астрономның есімімен аталады. Сондай — ақ 126 жыл бұрын Алаш қайраткері, әдебиеттанушы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев (1898-1937) өмірге келді. Ол Абайдың, Байтұрсынұлының, Жұмабаевтың мұраларын кеңестік идеологиялық органдардың шабуылынан қорғап, Қазақстанның әдеби өміріне белсене араласты. Голощекиннің саясатымен келіспегені үшін тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Ал 1991 жылы ақталды.