📈8 қараша дәстүрлі түрде Қазақстанның Статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл қызмет әртүрлі бағытта ақпаратты жинау, өңдеу, жүйелеу және сақтау бойынша өте маңызды жұмысты орындайды. Мемлекетке аталмыш деректер салалық бюджеттерді белгілеу кезіндегі жұмысты оңтайландыру үшін әртүрлі салалар мен ведомстволардың жұмысын талдауға қажет. 1920 жылы Қазақ КСР-де статистика қызметі құрылғандықтан, 8 қараша мереке күні ретінде таңдалды.
Егер таныс Статистика қызметкерлерін білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🎼8 қараша — Халықаралық пианистер күні. XVIII ғасырда фортепианоның бастапқы құрылысы клавесин және клавихорд негізінде жасалды. Оны итальяндық шебер Бартоломео Кристофори жүзеге асырды. Фортепианоның пайда болуы арқылы әлемде таланатты пианистердің қатары көбейді. Олардың шығармалары ғасырлар бойы жалғасын тауып, музыка әуесқойларын ерекше қуанышқа бөлеп келеді.
Қазақ пианистерінен кімді білесіз?
⚡️Бүгін — Халықаралық КВН күні. 1961 жылы 8 қарашада көңілді әрі тапқырлар ойыны алғаш рет эфирге шықты. Оның ережесі — командалардың әрқайсысын таныстыру, сәлемдесу, дайындық, музыкалық байқау және үй тапсырмасы болды. Бүгінде КВН әлемдік деңгейде үлкен қолдауға ие. Ал Қазақстан ЖОО-да әрқайсында КВН командасы бар.
Сіздің ойыңызша елімізде танымал КВН командалары қайсы?
👥8 қараша екі танымал адамның туған күні. 367 жыл бұрын ағылшын астрономы, математик және демограф Эдмунд Галлей (1656-1742) дүниеге келді. Әлемдегі ең танымал кометаға осы тұлғаның есімі берілген. Себебі ол кометаның жер аспанында пайда болу жиілігін есептеді. Ай мен Марстағы кратерлер де астрономның есімімен аталады. Сондай — ақ 125 жыл бұрын Алаш қайраткері, әдебиеттанушы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев (1898-1937) дүниеге келді. Ол Абайдың, Байтұрсынұлының, Жұмабаевтың мұраларын кеңестік идеологиялық органдардың шабуылынан қорғап, Қазақстанның әдеби өміріне белсене араласты. Голощекиннің саясатымен келіспегені үшін тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Ал 1991 жылы ақталды.