«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 мая, 2024


🎖8 және 9 мамырда БҰҰ бастамасымен Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған “Еске алу және келісім күні” аталып өтеді. 6 жыл ішінде адамзат тарихындағы алпауыт соғысқа қатысқан елдер 71 миллионнан астам адамынан айырылды. Ал оның 600 мыңға жуығы — қазақстандықтар.

👤1975 жылы 8 мамырда Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарды еске алуға арналған Даңқ мемориалы ашылды. Ол төрт бөліктен тұрады. Ал ортасында Мәңгілік алау жанып тұрады. 1982 жылдан бастап ескерткіш республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енді. Мемориал оңтүстік астананың басты көрікті жерлерінің біріне айналып, той алдында баратын міндетті аялдамаға енгізілген.

Ал сіздің Даңқ мемориалының жанында түскен суретіңіз бар ма?

🙏Бүгін — Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні. 1824 жылы 8 мамырда Жан Анри Дюнан дүниеге келді. Оның бастамасымен аталмыш ұйым 1863 жылы құрылды. Комитеттің алғашқы эмблемасы ақ фондағы қызыл крест болды. Бірақ Осман империясы оны қолданудан бас тартты. Өйткені бұл крест жорықтарымен теріс байланыстарды тудырды. 1929 жылы Женева конвенциясы қызыл жарты айды екінші эмблема деп таныды. Қазіргі таңда оны мұсылман халқы басым ұлттық ұйымдар пайдаланады. Оның ішінде Қазақстанда да бар.

👥8 мамырда дүниеге келген атақты ер адамдар. Бүгін қазақтың белгілі актері, театр және кино режиссері, сценарист, ұстаз Асанәлі Әшімов 87 жасқа толды. Көптеген мемлекеттік және кәсіби наградалардың иегері Әуезов театрының сахнасында 30-дан астам фильмге түсіп, 50-ден астам рөлдерді сомдады. Сонымен қатар бүгін испаниялық әнші, композитор, продюсер және актер Энрике Иглесиас 49 жасқа толды. Өзінің мансап жолында ол 40-тан астам сингл мен студиялық 10 альбом шығарды. Өнер иесінің туындылары 116 мәрте платинаға, 227 мәрте алтынға ие болды. Ал сатылымның жалпы мөлшері 100 миллион жазбаны құрайды.

Сізге Энрике Иглесиастың қай әні ұнайды?