«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 июня, 2022


☑️8-ші маусым – Дүниежүзілік мұхиттар күні. Ол 2009 жылдан бері жыл сайын аталып келеді. «Дүниежүзілік мұхиттар күнін» өткізу идеясы алғаш рет 1992 жылы Бразилияда Рио-де-Жанейро қаласында өткен халықаралық саммитте айтылды. Эколог ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдардың, хайуанаттар бағының, дельфинарийлердің қызметкерлері бұл күні мұхиттың бірегей флорасы мен фаунасын үшін ең үлкен қауіптен — балық аулау мен адамдардың ластауынан құтқару үшін күш-жігерін біріктіреді. Бір қызығы, ғалымдар мұхиттардың саны туралы әлі келіскен жоқ — кейбір сарапшылар Оңтүстік мұхит бар екенін айтады.

☑️Дүниежүзілік қоғамдастық өзін толықтай үй шаруасына және бала тәрбиесіне арнаған әйелдер мен ерлердің еңбегін атап өту үшін 8-ші маусымды Халықаралық үй шаруасындағы әйелдер мен үй қызметшілері күні деп бекітті. Бұл тамаша мерекенің бастамашысы Ұлттық әйелдер институтының (Мексико қаласы) қызметкері Габриэла Дельгадо болды. Ол — әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық маңызын жариялап, өз құқықтарын қорғауды талап еткен бірінші ханым. Бұл қозғалысқа бірте-бірте әртүрлі себептермен үй шаруашылығын өз бетінше басқаруға, балаларды тәрбиелеуге және отбасылық жайлылықты қамтамасыз етуге мәжбүр болған ер адамдар қосылды.
Қазақстанда үй шаруасы мен бала тәрбиесі әйелдің мойнында екені рас.

Аналарды мерекемен құттықтаймыз!

☑️Бүгін Universal Pictures кинокомпаниясының 110 жылдығы. Голливудта ежелден жұмыс істейтін кинокомпанияны 1912 жылы Карл Леммл құрған. Ол «кино жұлдыздарына» бәс тігуінің арқасында жарыста бәсекелестерінен озып үлгерді. Актерлердің аты-жөнін титрларда көрсету қажет деп есептелмейтін тұста өзімен келісім-шартқа отырған актер-актрисалардың әр қадамына газеттердің назарын аударды. Леммлдің арқасында Голливудтық «жұлдыздар конвейері» пайда болды, ол кейінірек американдық киноиндустрияның белгісі атанды. 1915 жылы Голливуд маңындағы 230 акр жерде «Карл ағай» әлемдегі ең үлкен түсірілім орнын ұйымдастырды. Қазір Голливудта ғана емес, сонымен қатар Орландо, Сингапур және Осака қалаларында компанияның қамқорлығымен тематикалық саябақтар жұмыс істейді.

☑️2003 жылы 8-ші маусымда «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің ұжымы ұйымдастырған «Астана-2003» қазақ әнінің бірінші халықаралық байқауы басталды. Байқау шарты бойынша шетелдік орындаушылар ана тілінде бір ән, екінші нөмір қазақ әні болуы керек еді. 5 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстанның астанасына байқауға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 12 қатысушы келді. Байқауды ұйымдастырушылар мұндай батыл қадамға 2000 жылы «Азия дауысында» тәжірибе жасап, оның аясында «Сәлем, Қазақстан!» шоуы ұйымдастырылған соң бара алды. Өткен жылдардағы «Азия дауысы» жеңімпаздары қазақтың танымал әндерін өз нұсқаларында орындады. Байқау қазақ әнін басқа халықаралық байқауларда насихаттаудың жемісі болды. Байқаудың Гран-при жүлдесін «Назқоңыр» әнін тамаша орындаған итальяндық әнші Лука Сепе жеңіп алды.

Неліктен Қазақстан халықаралық ән байқауларын өткізуді тоқтатты деп ойлайсыз?