«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 июня, 2024


🐬8 маусым – Дүниежүзілік мұхиттар күні. Ол жер бетінің 70%-ын құрайды. Сол себепті біз үлкен су жүйесінің ішінде өмір сүріп жатырмыз. Шексіз су жүйесі төрт мұхиттан тұрады — Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиты. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, ғалымдар бейресми бесінші мұхитты қосып жатыр. Ол үш мұхит ағысының қиылысында орналасқан Оңтүстік мұхит. Аталмыш мұхит микроклиматымен және экожүйесімен ерекшеленеді.

🧠Бүгін – Дүниежүзілік ми ісігіне қарсы күрес күні. Бұл күн саясаткерлер мен кәсіпкерлерді, медицина мекемелерін қатерлі ісіктің осы түрін емдеудің тиімді әдістерін табуға арналған зерттеулерді қаржыландыру маңыздылығына назар аударуға шақырады. Күн сайын әлемде 500-ден астам адам ми ісігіне душар болады. Сондықтан халықтың «аты жаман аурудың» ерекшелігі мен оның белгілері туралы сауатын арттыру өте маңызды. Ми ісігі ауруы Roxette Marie тобының солисі Жанна Фриске сияқты танымал тұлғаның өліміне себеп болды.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз және ауырмаңыз!

🙌🏻8 маусым – Халықаралық үй шаруасындағы әйелдер күні. Біле білсек, балаларды тәрбиелеу, ошақ қасында жайлы жағдай қалыптастырып, оны сақтап отыру түздегі жұмыстан кем емес. Алайда үйдің берекесі мен үйлесімділігін ұстау көп жағдайда көзге көріне бермейді. Сондықтан бұл жұмыс көпшілік тараптан елеусіз қалып жатады.. Сонымен қатар үй шаруасындағы әйел күйеуінің сенімді тірегі, қорғаны әрі ақылшысы да бола алады. Бірақ көбінесе кейбір елдерде әйел көп ақша тапса, ер адам үй шаруасымен айналыса бастайды.

Барша әйелдер қауымын осы мерекемен құттықтаймыз!

😄Бүгінде үй шаруасындағы әйелдер шаңсорғыш күнін атап өтеді. 1869 жылы 8 маусымда американдық Айвз Макгаффни ұсақ қоқыстарды жинауға арналған құрылғыны патенттеді. Қондырғы желдеткіштің көмегімен жұмыс істеді. Алайда оның жүзін қолмен айналдыруға тура келді. Ал бұл тұтынушыларға ұнамады. Уақыт өте келе бензинмен жұмыс істейтін шаңсорғыш пайда болды. Бірақ одан адам денсаулығына зиян газ бөлігендіктен, кеңінен қолданылмады. Тек 1906 жылы Джим Кирби қазіргі заманға ұқсас алғашқы электрлік шаңсорғышты шығарды. Ол  Макгаффни шаңсорғышын су сүзгісімен және электр желдеткішімен толықтырып, телескопиялық щетка түтіктері мен ауыстырылатын қондырғыларды ойлап тапты.

Сіз шаңсорғыштың қай маркасын қолданасыз?