«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 марта, 2023


🌷Бүгін — Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн — көктемнің басталуына, нәзіктік пен қоғамның әділ жыныстыларының құрметіне арналады. 1908 жылы 8 наурызда Нью-Йорктегі зауыт жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ауқымды митингіге шықты. Өйткені осы кезде әйелдер еңбегі бір тиынға бағаланған. 1910 жылы әйелдер құқығын қорғаушы Клара Цеткин аталмыш күнді атап өтуді ұсынды. Сол бастаманың арқасында бүгінгі таңда бүкіл әлем осы мерекені тойлайды. 

 

Оқырмандарымызды осы  мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! 💃

📺 Бүгін қазақ телевизиясы 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1958 жылы 8 наурызда «Қазақстан» телеарнасының Алматы студиясында алғашқы сынақ трансляциясы өтті. Осылайша сол жылы Қарағанды ​​мен Өскеменде, ал бір жылдан кейін Жезқазғанда, екі жылдан кейін Петропавлда, одан әрі бүкіл Қазақстанда телестудиялар ашыла бастады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 қоғамдық телеарна хабар таратады. Олардың жалпы саны 30-дан асады. Ал тағы үшеуі республикадан тыс жерде көрсетіледі.

 

Сіз қай телеарнаны жиі қарайсыз

💫8 наурыз өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 134 жыл бұрын Алаш партиясының қайраткері, жазушы, ұстаз — Жүсіпбек Аймауытов (1889-1930) дүниеге келді. Ол қазақ тіліндегі драма мен романның негізін қалаушылардың бірі. Ал Мұхтар Әуезов оны ұстазым деп атаған. Сондай-ақ педагогика, психология, этика бойынша оннан астам кітаптың, жүздеген ғылыми басылымдардың, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 1930 жылы Кеңес өкіметі оны контрреволюциялық әрекеті үшін соттап, ату жазасына кесті. Оның шығармашылық мұрасына 1988 жылға дейін тыйым салынды.

77 жыл бұрын кинорежиссер, сценарист және жазушы — Сатыбалды Нарымбетов (1946-2021) дүниеге келді. Ол оннана астам әйгілі көркем және деректі фильмдерді түсірді. 2015 жылы оның «Аманат» фильмі Қазақстан тарапынан «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Сонымен қатар ол бірнеше әңгімелер жинағын жазды. Жазушы көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері.

 

Сіздің қалаңызда Жүсіпбек Аймауытовтың есімімен аталған ғимараттар мен көшелер бар ма