«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 Сәуір, 2024


🌓8 сәуір – Халықаралық фэн-шуй күні. “Фэн-шуй” адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. “Фэн” аудармасы “жел” болса, ал “шуй” – ағындар деген мағынаны білдіреді. Бұл тәжірибенің негізі – адам мен табиғат арасындағы энергия алмасуда тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

 

Фэн Шуй туралы толық ақпарат білгіңіз келсе, пікірге “иә” деп жаза кетіңіз. Сұранысқа байланысты алдағы уақытта жазба жариялаймыз. 

 

🌝Сонымен қатар бүгін халықаралық сығандар күні тойланады. Бұл мерекенің әлемдік деңгейде аталып өтуінің себебі бар. Сығандардың әлі күнге дейін өз мемлекеті болмағанлықтан, бүкіл Жер ғаламшары олардың Отаны болып саналады. Аталмыш мерекені тек сығандар ғана емес, олардың ерекше мәдениетіне қызығушылық танытатын жандар да атап өтеді. Бүгін көптеген елде сыған мәдениетіне арналған түрлі концерт пен фестиваль өтеді.

 

Сізге сығандардың билері мен әндері ұнай ма?

 

🔥Бүгін тағы бір қызықты күн – өрт сөндіру сатысының пайда болған күні.  1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та арнайы жобаланған өрт сөндіру сатысына патент алғаш рет тіркелді. Оның пайда болуына көп қабатты үйлердің салынуы себеп болды. Биіктігі 10 метр болатын сатылар, адам өмірін сақтап қалудың маңызды құралына айналды. Олардың ұзындығы қазір 112 метрге жетеді. 

 

Әрқашан сақ болыңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! 

 

👥8 сәуірде өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін Қазақстанның халық чемпионы Геннадий Головкин 42 жасқа толды. Қазір оның еншісінде 45 жекпе-жек, ​​43 жеңіс (37 нокаутпен), 1 тең ойын, 2 жеңіліс бар. GGG тарихта орта салмақтағы ең жоғары нокаут пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген. Спортшымыз биылдан бастап Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады. 34 жыл бұрын K-Pop әншісі, продюсер, радиожүргізуші Ким Чен Ын (1990-2017) дүниеге келді. Ол танымал SHINee бойзбенінің бас вокалисті, сонымен қатар SM the Ballad жобасының мүшесі болды. Джонгхённың өлімі бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралып, корей ойын-сауық индустриясының шынайы көрінісін ашып, оның денсаулыққа психикалық әсері туралы пікірталас тудырды. 

GGG-дің келесі жекпе-жегі кіммен болады деп ойлайсыз?