«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 Сәуір, 2023


👏 8 сәуір – Халықаралық фэн-шуй күні. «Фэн-шуй» адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. Байқап жүргендеріңіздей соңғы уақытта көпшілік арасында танымалдылыққа ие болып, сәнге айналды. «Фэн» аудармасы «жел» болса, ал «шуй» – ағындар деген мағынаны білдіреді. Бұл тәжірибенің негізі – адам мен табиғат арасындағы энергия алмасуда тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

 

Фэн Шуй туралы толық ақпарат білгіңіз келсе, пікірге “иә” деп жаза кетіңіз. Сұранысқа байланысты алдағы уақытта жазба жариялаймыз. 

🌼 Сонымен қатар бүгін – Халықаралық сығандар күні тойланады. Бұл мерекенің әлемдік деңгейде аталып өтуінің себебі бар. Өйткені сығандардың әлі күнге дейін өз мемлекеті болмағандықтан, бүкіл Жер ғаламшары олардың Отаны болып саналады. Аталмыш мерекені тек сығандар ғана емес, олардың ерекше мәдениетіне қызығушылық танытқандар да тойлайды. Бүгін көптеген елде сыған мәдениетіне арналған түрлі концерттер мен фестивальдар өтеді.

 

Сізге сығандардың билері мен әндері ұнай ма?

🔥 Бүгін тағы бір қызықты күн – өрт сөндіру сатысының пайда болған күні.  1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та арнайы жобаланған өрт сөндіру сатысына патент алғаш рет тіркелді. Оның пайда болуына көп қабатты үйлердің салынуы себеп болды. Биіктігі 10 метр болатын сатылар, адам өмірін сақтап қалуда маңызды құтқару құралына айналды. Олардың ұзындығы қазір 112 метрге жетеді. 

 

Әрқашан сақ болыңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! 

🎊 8 сәуір өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін Қазақстанның ел чемпионы – Геннадий Головкин 41 жасқа толды. Қазір оның еншісінде 45 жекпе-жек, ​​43 жеңіс (37 нокаутпен), 1 тең ойын, 2 жеңіліс бар. GGG орта салмақтағы тарихтағы ең жоғары нокаут пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген. 33 жыл бұрын K-Pop әншісі, продюсер, радиожүргізуші – Ким Чен Ын (1990-2017) дүниеге келді. Ол танымал SHINee бойзбенінің бас вокалисті, сонымен қатар SM the Ballad жобасының мүшесі болды. Джонгхённың өлімі бүкіл әлемде бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралып, корей ойын-сауық индустриясының шынайы табиғаты мен оның психикалық денсаулыққа әсері туралы пікірталас тудырды. 

GGG-дің келесі жекпе-жегі кіммен болады деп ойлайсыз?