💪8 қыркүйек — Халықаралық сауаттылық күні аталып өтеді. Әлемдегі сауатсыздық мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Себебі адамдардың оқу мен жазудың қарапайым дағдылары жоқ үлкен елді мекендер бар. ЮНЕСКО деректері бойынша әлемде сауаттылықтың қарапайым дағдыларын меңгермеген 771 миллион ересек адам (оның ішінде 15-24 жас аралығындағы 102 миллион жастар) бар. 250 миллионға жуық бала мектепке бармайды. Халықтың сауаттылық деңгейі бойынша Қазақстан 100% көрсеткішпен жоғары рейтингке ие.
Сіз мектепте жақсы оқыдыңыз ба? Егер біліміңізді тексергіңіз келсе, жылдам сынақтан өтіңіз: https://zhatpa.kz/test/mektepte-alaj-o-ydy/
✍️Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастығы күні. 1943 жылы 8 қыркүйекте чехословак журналисі, антифашист-жазушы, «Дар тұзағындағы репортаж» атты кітабымен әлемге танымал Юлиус Фучик Германияда өлім жазасына кесілді. Бұл күні барлық елдер мен басылымдардың журналистері бір-бірін қолдап, өз құқықтарын қорғау бойынша, ауызбіршілік танытатын күн. «Шекарасыз тілшілер» ұйымының сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 134-орында тұр. Елімізде ақпаратты кез келген заңды жолмен еркін іздеу, алу, беру, өндіру және тарату құқығы Конституциямен қамтамасыз етілген және азаматтық қоғамды дамытудың маңызды факторы.
Егер таныс журналистер болса, оларды осы күнмен құттықтай аласыз!
🙏8 қыркүйек — Дүниежүзілік физиотерапия күні. Емдеу әдісін дұрыс таңдау миллиондаған адамға қабыну ошағындағы ауырсынуды азайтуға, иммунитетті нығайтуға, тірек-қимыл аппаратының патологияларынан, тері, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесінің ауруларынан арылуға көмектеседі. Бұл науқасқа тағайындалған препараттардың әсерін күшейтеді, олардың дозасын және қабылдау ұзақтығын азайтуға мүмкіндік береді. Физиотерапияны травматологтар да, невропатологтар мен гинекологтар да, дерматологтар мен косметологтар да қолданады.
Ауырмаңыз және деніңіз сау болсын!
👥Бүгін екі атақты әйел бір күнде дүниеге келді. Бүгін американдық әнші, ән жазушы әрі актриса Пинк 44 жасқа толды. Алиша Бет Мур (шын есімі) американдық Billboard журналының рейтингі бойынша 2000-2010 жылдар аралығындағы онжылдықтың үздік әншісі болып танылды. 2018 жылы ол People журналының нұсқасы бойынша ең әдемі әйел атанды. Ал Forbes оны әлемдегі ең жоғары жалақы төленетін әншілердің бірі екенін атап өттті. Сондай-ақ бүгін қазақ эстрадасының әншісі, «Жас қанат» жастар байқауының жеңімпазы Мадина Сәдуақасова 44 жасын атап өтеді. Ол Қызылорда қаласының құрметті азаматы, сонымен қатар көптеген кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.
Сізге Мадина Сәдуақасованың қай әні ұнайды?