«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 сентября, 2024


👨‍👩‍👧‍👦Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады. Отбасы әртүрлі ұрпақ арасын байланыстырушы буын әрі жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің алғашқы қадамы. Мемлекеттің болашағы балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптасу үдерісінің қаншалықты табысты болатынына байланысты. Сондықтан да отбасы, ана, әке және бала институтын қорғау кез келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.

 

Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз!

👏8 қыркүйек — Халықаралық сауат күні аталып өтеді. Әлемдегі сауатсыздық мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып келеді. Себебі оқу мен жазудың қарапайым дағдылары қалыптаспаған үлкен елді мекендер бар. ЮНЕСКО деректері бойынша әлемде сауаттың қарапайым дағдыларын меңгермеген 771 миллион ересек адам (оның ішінде 15-24 жас аралығындағы 102 миллион жастар) бар. 250 миллионға жуық бала мектеп табалдырығын аттамаған. Халықтың сауат деңгейі бойынша Қазақстан 100% көрсеткішпен жоғары рейтингке ие. 

 

Сіз мектепте жақсы оқыдыңыз ба? Егер біліміңізді тексергіңіз келсе, жылдам сынақтан өтіңіз:  https://zhatpa.kz/test/mektepte-alaj-o-ydy/

👋8 қыркүйек — Дүниежүзілік физиотерапия күні. Емдеу әдісін дұрыс таңдау миллиондаған адамға қабыну ошағындағы ауырсынуды азайтуға, иммунитетті нығайтуға, тірек-қимыл аппаратының патологияларынан, тері, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесінің ауруларынан арылуға көмектеседі. Бұл науқасқа тағайындалған дәрі-дәрмектің әсерін күшейтеді, олардың дозасын және қабылдау ұзақтығын азайтуға мүмкіндік береді. Физиотерапияны травматологтар, невропатологтар мен гинекологтар, дерматологтар мен косметологтар да қолданады.

Ауырмаңыз және деніңіз сау болсын!

 

 

👥8 қыркүйек — атақты екі әйелдің туған күні. Бүгін америкалық әнші, ән жазушы әрі актриса Пинк 45 жас мерейтойын атап өтеді. Алиша Бет Мур (шын есімі) америкалық Billboard журналының рейтингі бойынша 2000-2010 жылдар аралығындағы онжылдықтың үздік әншісі болып танылды. 2018 жылы ол People журналының нұсқасы бойынша ең әдемі әйел атанды. Ал Forbes оны әлемдегі ең жоғары жалақы төленетін әншілердің бірі екенін атап өттті. Сондай-ақ бүгін қазақ эстрадасының әншісі, “Жас қанат” жастар байқауының жеңімпазы Мадина Сәдуақасова 45 жасқа толды. Ол Қызылорда қаласының құрметті азаматы, сонымен қатар көптеген кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.

 

Сізге Мадина Сәдуақасованың қай әні ұнайды?