«Үйде жатпа» күнтізбесі. 8 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 08 декабря, 2023


🎨8 желтоқсан — Халықаралық суретшілер күні. Бұл кәсіби суретшілермен қатар сурет салуды ұнататындардың да мерекесі. Шығармашыл адамдар әр дүниеден ерекше ләззат алып, әр іске сүйіспеншлікпен қарайды. Сонымен қатар өнері арқылы әлемге үйлесімділік пен сұлулық әкеледі. Тіпті ежелгі адамдардың да бейнелеу өнерінен хабары болғанын атап өтуге болады. Яғни, олар үңгір қабырғаларына адамдардың, жануарлардың және басқа да өмір көріністерін бейнелеген. Содан бері дарынды суретшілер жоғары құрметке ие болып келеді.

 

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🤝1991 жылы 8 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды.Бұл — Беларусь, Ресей және Украина құрған мемлекетаралық бірлестік. “Беловеж келісімінде” мемлекеттер КСРО терең дағдарыс пен ыдырау жағдайында өмір сүруін тоқтатып жатқанын және саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін мәлімдеді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан келісімге қосылып, Беларусь, Ресей және Украинамен бірге Алматыда ТМД мақсаттары мен қағидаттары туралы Декларацияға қол қойды. 

🎬2021 жылдың 8 желтоқсанында Францияда өткен CANNES SHORTS қысқаметражды фестивальде жас режиссер Маржан Бекмағанбетованың “Мариям” фильмі “Көрермен көзайымы” атты арнайы жүлдеге ие болды. Канн фестивалі – әлемге әйгілі суретшілер мен режиссерлердің жас таланттарды таныту үшін жасаған бірегей кинофестиваль. 

👏8 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. Біздің дәуірімізге дейінгі 65 жылы Ежелгі Рим әдебиетінің «Алтын ғасыр» ақыны Гораций дүниеге келді. Квинт Гораций Флакк Вергилиймен бірге осы дәуірдегі ең ұлы екі ақынның бірі. Оның құрметіне орай Меркурийдегі кратер «Сатиралар», «Эпостар», «Одалар» және «Хаттардан» тұратын өлеңдер жинағының атауы берілген. Сондай-ақ бүгін американдық актриса, әнші әрі модель Ким Бейсингер 70 жас мерейтойын атап өтеді. «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері мансап жолында 40-тан астам фильмдерде ойнады. Өнер иесі киноиндустрияның дамуына қосқан үлесі үшін Голливудтың даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.