«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 февраля, 2025


💍Ақпанның әр екінші жексенбісі дүниежүзілік неке күні тойланады. Қазір әлемде отбасы құндылықтары мен неке институты түсінігі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатыр. “Көпбалалы отбасы” дәстүрі біртіндеп өткеннің еншісінде қалып, Еуропа мен Америкада біржыныстылар және трансгендер некеге тұра бастады. Бұл күн адамдарды дәстүрлі құндылықтарға — ер мен әйел арасындағы сүйіспеншілікке, адалдыққа, отбасындағы өзара сыйластыққа, серіктесі үшін өз мүддесінен бас тартуға және ымыраға келуге шақырады. 

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🦷Бүгін — Халықаралық тіс дәрігерлері күні. Стоматология – әлемдегі ең көне медицина салаларының бірі. Бүгінде ол ең жоғары технологиялық мамандыққа айналды. Себебі күн сайын заманауи материалдар мен емдеу әдістері жаңарып жатыр. Тіс дәрігері күні – қоғамда осы мамандықтың беделін арттыруға, дәрігерлерді өз шеберлігін жетілдіруге ынталандыруға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ерекше мереке. Бүгінде Қазақстанда 3000-нан астам тіс дәрігері еңбек етуде. Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, оларды осы мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз! 

🫦9 ақпанда дәмді тағамды ұнататындар халықаралық пицца күнін атап өтеді. Пиццаның ең бастапқы нұсқасы ежелгі гректер мен римдіктердің дастарханында нан үстіне салынған түрлі қоспа түрінде кездесті. Ал пиццаның қазіргі түрі 16 ғасырда Неапольде пайда болды. Ол қызанақтың Еуропаға келуімен байланысты. ХХ ғасырдың соңына қарай бұл итальяндық тағам бүкіл әлемнің ас мәзіріне енді. Пицца дәмді тағам ретінде ғана емес, пайдалы болуымен де танымал болды. 

Сізге пиццаның қай түрі ұнайды?

👥9 ақпан — танымал екі ер адамның туған күні. 94 жыл бұрын қазақтың ақыны,  жазушысы әрі аудармашысы Мұқағали Мақатаев (1931-1976) дүниеге келді. Ұлы тұлғаға «Аппассионат» поэмасы зор даңқ әкелді. «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтары қазақ ұлттық поэзиясының алтын қорына енді. Ақынның көптеген өлеңіне композитор Тілендиев, Қалдаяқов, Рақышев және Жаханов ән жазды. Ол Данте Алигьеридің “Құдіретті комедиясын” және Уильям Шекспирдің сонеттерін қазақ тіліне тәржімалады. Сонымен қатар бүгін америкалық актер әрі әнші Джо Пеги 82 жасқа толды. Оны бүкіл әлемге әйгілі еткен «Один дома»  фильмінде сомдаған ұры рөлі. Ол сондай-ақ “Славные парни”, “Казино” және “Ирландец” фильмдерінде мафиоз кейіпкерін тамаша сомдап шықты. «Оскар» сыйлығының және көптеген беделді марапаттың иегері.

Сіздің қалаңызда Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған қандай орын бар?