«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 января, 2024


💃9 қаңтар би әуесқойлары халықаралық хореографтар күнін атап өтеді. Аталмыш маман иелері би өнерінің техникасын ұқыпты сақтай отырып, жеке орындаушыға немесе топқа би қоюмен айналысады. Қарапайым тілмен айтқанда, биші ол — жаттықтырушы. Көшпелілер мәдениетінде қазақ биінің негізі қалыптасты. Мұнда халық даналығы көрінеді. Сыртқы факторлармен, табиғатпен қарым-қатынасы қазақ биінің қолының нақты қалпы мен қимылынан көрінеді. Қазақ биінің дамуына үлес қосқан хореографтар: Дәурен Әбиров, Болат Аюханов, Айгүл Тәти және тағы басқалары.

Сізге бидің қай түрі ұнайды?

🚀Бүгін шытырман оқиғаға жаны құмар жандар әуе шарымен саяхаттау күнін атап өтеді. 1783 жылы ағайынды Монголфьелер алғаш рет жылу аэростатын ұшырды. Аталмыш қадам көптеген адамның көзқарасын өзгертті. Қазіргі таңда технологиялық прогресстің үлкен жетістіктерге жетіп жатқанына қарамастан, әуе шарымен ұшудың ежелгі жолын таңдап жататындар да кездеседі. Бұл — ең алдымен адамның қорқынышын жеңуге, мінезі мен ерік-жігерін шыңдауға бағытталады. 

Әуе шарымен ұшып көрдіңіз бе?

📱17 жыл бұрын алғашқы iPhone пайда болды. 2007 жылы 9 қаңтарда Apple компаниясының бас директоры Стив Джобс смартфонды Сан-Францискодағы конференцияда таныстырды. Джобс iPhone-ды үш құрылғының қосындысы ретінде қарастырды. Олар: “Сенсорлық басқаруы бар кең экранды iPod”, “Революциялық ұялы телефон” және “Интернет-коммуникатор серпілісі”. iPhone-ның жасалу жолы қатаң түрде құпияда өтті. Тіпті өнімнің әртүрлі бөлігінде жұмыс істейтін инженерлер бір-бірімен байланыса алмады. Осы сәттен бастап мобильді интернеттің, қосымшалардың және т.б. жаппай дамуы басталды деп айта аламыз.

 

Қазіргі таңда сіз үшін қай сматрфон түрі ыңғайлы?

🥳9 қаңтар өмірге келген танымал әйел адамдар. Бүгін канадалық әнші, ән мәтіндерінің авторы және композитор Лара Фабиан 54 жасқа толды. Өнер иесі француз, ағылшын, итальян, испан, орыс және басқа тілдерде әндер орындайды. 2020 жылы ол Димаш Құдайбергеннің «Your Love» әніне мәтін жазды. «Періште дауысының» иесі Қазақстанда бірнеше рет өз концертін берді. Сондай-ақ бүгін қазақ продюсері, тележүргізуші, актриса және әнші Баян Алагөзова 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол «Махаббат бекеті» мелодрамасында басты рөлді сомдау арқылы кең танымалдыққа ие болды. Содан соң ұзақ уақыт бойы журналист әрі тележүргізуші қызметтерін атқарды. Кейін Жанар Дугалова, Ерке Есмахан, «КешYOU» тобы мен басқа да орындаушылардың продюсері болып жұмыс істеді. Оның бірінші некесінен екі қызы және екі немересі бар.