💃9 қаңтарда би әуесқойлары халықаралық хореографтар күнін атап өтеді. Олар би өнерінің техникасын ұқыптылықпен сақтай отырып, жеке орындаушыға немесе топқа би қоюмен айналысады. Қарапайым тілмен айтқанда, биші ол — жаттықтырушы. Көшпелілер мәдениетінде қазақ биінің негізі қалыптасты. Мұнда халық даналығы көрінеді. Сыртқы факторлармен, табиғатпен қарым-қатынасы қазақ биінің қолының нақты қалпы мен қимылынан көрінеді. Қазақ биінің дамуына үлес қосқан хореографтар: Дәурен Әбиров, Болат Аюханов, Айгүл Тәти және тағы басқалары.
Сізге қай халық биі көбірек ұнайды?
🔥Бүгін шытырманға жаны құмар жандар әуе шарымен саяхаттау күнін атап өтеді. 1783 жылы ағайынды Монголфьелердің жылу аэростатының ұшуын алғаш рет көрсетуі көптеген адамның көзқарасының өзгеруіне әсер етті. Қазіргі таңда технологиялық прогресстің үлкен жетістістіктерге жетіп жатқанына қарамастан, әуе шарымен ұшудың ежелгі жолын таңдап жататындар да кездеседі. Бұл жай ғана экзотика емес, ең алдымен адамның мінезі мен ерік-жігерін сынап, оны қалыптастыру үшін қолданылып жатады.
Әуе шарымен ұшып көрдіңіз бе?
📱18 жыл бұрын алғашқы iPhone пайда болды. 2007 жылы 9 қаңтарда Apple компаниясының басшысы Стив Джобс Сан-Францискода өткен конференцияда оны көпшілікке таныстырды. Джобс iPhone смартфонын үш құрылғының үйлесімі ретінде ұсынды: «сенсорлық басқарылатын кең экранды iPod», «революциялық ұялы телефон» және «серпінді интернет-коммуникатор». IPhone-ның дамуы қатаң құпия жағдайда өтті. Өнімнің әртүрлі бөлімінде жұмыс істейтін инженерлердің бір-бірімен байланысу мүмкіндігі болмады. Осы сәттен бастап мобильді интернеттің, қосымшалардың үздіксіз дамуы басталды деп айтуға болады.
Сіздің ойыңызша қазіргі таңда ең қолайлы смартфон қайсы?
👥9 қаңтар — танымал қос әйелдің туған күні. Бүгін канадалық әнші, композитор Лара Фабиан 55 жас мерейтойын. Ол француз, ағылшын, итальян, испан, орыс және басқа да тілдерде әндер орындайды. 2020 жылы Димаш Құдайбергеннің «Your Love» әнінің мәтінін жазды. «Періште дауысының» иегері Қазақстанда бірнеше рет концерт өткізді. Сонымен қатар бүгін қазақстандық продюсер, тележүргізуші, актриса әрі әнші Баян Алагөзова 51 жасқа толды. Баян Алагөзова көрерменге “Махаббат бекеті” мелодрамасындағы басты рөлі арқылы танылды. Кейін тележурналистика саласында ұзақ жылдар бойы журналист және тележүргізуші болып қызмет атқарды. Бүгінде ол Жанар Дұғалова, Ерке Есмахан, “КешYOU” тобы және басқа да танымал орындаушылардың продюсері ретінде белгілі. Баянның бірінші некесінен екі бойжеткен қызы бар, ал өткен жылы отбасы тағы екі қыз баламен толықты.
Сізге кім ұнайды?