«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 января, 2023


☑️ 9 қаңтар би әуесқойлары — Халықаралық хореографтар күнін атап өтеді. Олар би өнерінің техникасын ұқыптылықпен сақтай отырып, жеке орындаушыға немесе топқа би қоюмен айналысады. Қарапайым тілмен айтқанда, биші ол — жаттықтырушы. Көшпелілер мәдениетінде қазақ биінің негізі қалыптасты. Мұнда халық даналығы көрінеді. Сыртқы факторлармен, табиғатпен қарым-қатынасы қазақ биінің қолының нақты қалпы мен қимылынан көрінеді. Қазақ биінің дамуына үлес қосқан хореографтар: Дәурен Әбиров, Болат Аюханов, Айгүл Тәти және тағы басқалары.

Сізге қай халық биі көбірек ұнайды?

☑️Бүгін шытырманға жаны құмар жандар — әуе шарымен саяхаттау күнін атап өтуде. 1783 жылы ағайынды Монголфьелердің жылу аэростатының ұшуын алғаш рет көрсетуі көптеген адамның көзқарасының өзгеруіне әсер етті. Қазіргі таңда технологиялық прогресстің үлкен жетістктерге жетіп жатқанына қарамастан, әуе шарымен ұшудың ежелгі жолың таңдап жататындар да кездеседі. Бұл — эксцентрик, экзотикалық емес, ең алдымен адамның өзін-өзі жеңуі, мінезі мен ерік-жігерін сынап, оны қалыптастыру үшін қолданып жатады. 

Әуе шарымен ұшып көрдіңіз бе?

☑️Алғашқы iPhone-ды Стив Джобс 2007 жылы 9 қаңтарда Сан-Францискода өткен Масworld Conference & Expо конференциясында таныстырды. Бұл 16 жыл бұрын орын алды. Джобс iPhone смартфонын үш құрылғының үйлесімі ретінде ұсынды: «сенсорлық басқарылатын кең экранды iPod», «революциялық ұялы телефон» және «серпінді интернет-коммуникатор». IPhone-ның дамуы қатаңдатылған құпия жағдайда өтті. Өнімнің әртүрлі бөлімінде жұмыс істейтін инженерлердің бір-бірімен байланысу мүмкіндігі болмады. Осы сәттен бастап мобильді интернеттің, қосымшалардың үздіксіз дамуы басталды деп айтуға болады.  

Сіздің ойыңызша қазіргі таңда ең қолайлы смартфон қайсы?

☑️9 қаңтар өімрге келген танымал әйелдер. Бүгін канадалық әнші, композитор — Лара Фабиан 53 жасқа толды. Ол француз, ағылшын, итальян, испан, орыс және басқа да тілдерде әндер орындайды. 2020 жылы Димаш Құдайбергеннің «Your Love» әнінің мәтінін жазды. «Періште дауысының» иегері Қазақстанда бірнеше рет концерт өткізді.  

Сонымен қатар бүгін Уэльс ханшайымы, Британдық тақ мұрагерінің жұбайы — Кейт Миддлтон 41 жылдығын атап өтеді. Ол қарапайым отбасында дүниеге келген, әкесі — әуе диспетчері, ал анасы — стюардесса болған. Ол бір университетте білім алған ханзаданың жүрегін жаулай алды. Ханзада Уильям мен Кэтрин 2011 жылы үйленіп, бүгінде екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр. 

Сізге кім ұнайды? Кейт Миддлтон немесе Меган Маркл?