«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 ноября, 2023


💥9 қараша – Халықаралық ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күні. Қазақстандықтар антиядролық қозғалысқа алғашқылардың бірі болып қосылды. 1989 жылы жазушы Олжас Сүлейменов ұйымдастырған “Невада-Семей” қозғалысы әлемде алғаш рет жаңа үлгі – қоғамдық және парламенттік дипломатияның өзара әрекеттестігі арқылы табысқа жетті. Қазақстанға Американың Невада штатынан делегация келді. Олар бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырып, бейбіт шеруге шықты. Қозғалыс осылайша халықаралық сипатқа ие болып, өз атауын алды. 

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🌝9 қараша дүниежүзілік лизинг күні аталып өтеді. Сөзбе – сөз «лизинг» ағылшын тілінен «жалға беру» деп аударылады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ұзақ мерзімді жалдау, содан кейін жалға алынған мүлікті сатып алу. Лизинг үшін ең көп таралған сала — көлік: автомобиль, авиация, өзен, теңіз, теміржол. Лизинг объектісі арнайы техника, жабдықтар, жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Қазір бұл күн әлем бойынша қаржы лизингі саласында жұмыс істейтін мыңдаған маманның басын біріктіретін жаһандық іс-шараға айналды.

 

Егер сіз қаржылық сауаттылыққа қызығушылық танытсаңыз, өз пікіріңізді  жаза кетіңіз. Көпшіліктің сұранысына байланысты қызықты ақпараттар жазуға тырысамыз.

🪖1989 жылы 9 қарашада «қырғи- қабақ соғыстың» басты символы Берлин қабырғасының қирауы басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия Батыс одақтастарының ықпалымен дамыған Германия Федеративтік Республикасына және КСРО-ға тәуелді ГДР-ға бөлініп кетті. 1961 жылы елдер арасында күзет мұнаралары мен электр тогымен қоршалған Берлин қабырғасы салынды. Ал 28 жыл өмір сүргеннен кейін «ұят қабырғасы» қирады.

🐼1927 жылы 9 қарашада Қытайда ерекше сүтқоректі — алып панда табылды. Бұл жануар жыртқыштар қатарына жатқанымен, негізгі тамағы — бамбук. Сүйкімді «көзілдірікті» аю дүниежүзілік жабайы табиғат қорының символы. Өйткені әлемде шамамен оның 1600 түрі ғана қалды. Панда сонымен қатар Гиннестің рекордтар кітабына «ең сүйкімді аң» ретінде енгізілген. Себебі хайуанаттар бағында көрермендердің көпшілігі осы жануарлармен бірге торларға жиналады. Айта кету керек, әлемнің кез келген хайуанаттар бағындағы пандалар Қытайдың меншігінде.

 

Сізге пандалар ұнай ма?