«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 Қазан, 2023


💻Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні. 1874 жылы 9 қазанда Швейцарияда дүниежүзілік пошта одағы құрылды. Оның құрамына 192 мемлекет кірді. Бұл күннің мақсаты – адамдардың күнделікті өміріндегі поштаның рөлін және оның елдердің экономикалық дамуына қосқан үлесін еске салу. Адамдар газет емес, электронды поштаны жіберіп, веб-сайттарды оқи бастағаннан кейін пошташы мамандығы көп ұзамай жойылатыны белгілі болды. Дегенмен онлайн-сату мен онлайн-сауданың дамуы аталмыш саланы қайта жандандырды. Бүгінде пошта қызметінің арқасында әлемнің кез келген нүктесінде қалаған тауарымызды тапсырыспен алдырта аламыз.

Пошта қызметкерлерін білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

📝1992 жылы 9 қазанда тарихшы Халифа Алтай Қазақстан Жазушылар Одағының «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ жазушысы, антрополог, түркітанушы, теолог және аудармашы елімізде үлкен беделге ие болды. Қазақстан аумағында исламның таралуына қосқан үлесі үшін Өскемендегі республикадағы кең мешіттердің бірі және Алматы облысы Қырғауылды ауылындағы мешіт Халифа Алтай есімімен аталады.


🎬2013 жылдың 9 қазанында режиссер Ермек Тұрсынов және “Қазақфильм” түсірген “Шал” фильмі “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша Оскар сыйлығына ұсынылды. “Шал” фильмі Эрнест Хемингуэйдің “Қарт пен теңіз” повесінің желісі бойынша түсірілген. Мұнда сонау далада тұратын бір отбасы – қария, келін мен немеренің өмірі баяндалады. Олардың қарым-қатынасы өте шектеулі болса да, олар ұрыса алмайды. Жол бойында маңызды шындықтан айырылып қалмау үшін олар бір-біріне көрегенділік танытып, кешіре білуі керек. Олар үшін адам сияқты өмір сүру маңызды. Ал қария немересіне өмірдің басты құндылықтарын түсіндіре алуы қажет.

Ал сіз «Шал» фильмін тамашаладыңыз ба?


👥9 қазан екі танымал тұлғаның туған күні. 83 жыл бұрын The Beatles тобының негізін қалаушы, вокалист және гитарист Джон Леннон (1940-1980) дүниеге келді. Ол өзінің шығармашыл жұмыстарында өршіл мінезімен және тапқырлығымен ерекшеленді. Джон ХХ ғасырдың ең танымал музыканттарының бірі және оның Пол Маккартнимен дуэті поп-мәдениет тарихында ең сәтті туынды болып қала береді. Өнер иесі жанкүйерінің қолынан қаза тапты. Сондай – ақ бүгін Палестина-Голландиядан шыққан американдық супермодель Белла Хадид 27 жасқа толды. Әлемдегі ең танымал әрі жоғары жалақы алатын модельдердің бірі Dior және Bulgari сән үйлерінің елшісі және тұрақты тұлғасы. 2017 жылы Белла «Vogue» журналының тарихында бір айда ең көп мұқаба рекордын жаңартқан алғашқы модель болды.

Сіз әлемде ең сұлу қыз кім деп ойлайсыз?