«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 октября, 2024


📲Бүгін — Дүниежүзілік пошта күні. 1874 жылы 9 қазанда Швейцарияда дүниежүзілік пошта одағы құрылды. Оның құрамына 192 мемлекет кірді. Бұл күннің мақсаты – адамдардың күнделікті өміріндегі поштаның рөлін және оның елдердің экономикалық дамуына қосқан үлесін еске салу. Адамдар газет емес, электронды поштаны жіберіп, веб-сайттарды оқи бастағаннан кейін пошташы мамандығы көп ұзамай жойылатыны белгілі болды. Дегенмен онлайн-сату мен онлайн-сауданың дамуы аталмыш саланы қайта жандандырды. Бүгінде пошта қызметінің арқасында әлемнің кез келген нүктесінде қалаған тауарымызды тапсырыспен алдырта аламыз.

 

Пошта қызметкерлерін білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 

👤1992 жылы 9 қазанда тарихшы Халифа Алтай Қазақстан Жазушылар Одағының «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ жазушысы, антрополог, түркітанушы, теолог және аудармашы елімізде үлкен беделге ие болды. Қазақстан аумағында исламның таралуына қосқан үлесі үшін Өскемендегі республикадағы кең мешіттердің бірі және Алматы облысы Қырғауылды ауылындағы мешіт Халифа Алтай есімімен аталады.

 

👀2013 жылдың 9 қазанында режиссер Ермек Тұрсынов және “Қазақфильм” түсірген “Шал” фильмі “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығына ұсынылды. “Шал” фильмі Эрнест Хемингуэйдің “Қарт пен теңіз” повесінің желісі бойынша түсірілген. Мұнда айдалада тұратын бір отбасы: қария, оның келіні мен немересінің өмірі баяндалады. Олардың қарым-қатынасы тым шектеулі болса да, ренжісуге болмайды. Олар кешіре білуі керек және жолда маңызды ақиқаттарды жоғалтпас үшін алысты болжай білуі қажет. Адамша өмір сүру, сондай-ақ шалдың немересіне өмірдің басты құндылықтарын жеткізіп үлгеруі маңызды.

Ал сіз «Шал» фильмін тамашаладыңыз ба?

 

👥9 қазан — танымал екі тұлғаның туған күні. 84 жыл бұрын The Beatles тобының негізін қалаушы, вокалист және гитарист Джон Леннон (1940-1980) дүниеге келді. Ол өзінің шығармашыл жұмыстарында өршіл мінезімен және тапқырлығымен ерекшеленді. Джон ХХ ғасырдың ең танымал музыканттарының бірі және оның Пол Маккартнимен дуэті поп-мәдениет тарихында ең сәтті туынды болып қала береді. Өкінішке қарай, өнер иесі жанкүйерінің қолынан қаза тапты. Сондай — ақ бүгін палестиналық-голландиялық тегінен шыққан америкалық супермодель Белла Хадид 28 жасқа толды. 2017 жылы Белла «Vogue» журналының тарихында бір айда ең көп мұқаба рекордын жаңартқан алғашқы модель болды. Ол Израиль үкіметін сынап, палестиналықтарды қолдағаны үшін көптеген келісімшарттан қағылып, тіпті кей достары одан теріс айналған. 

 

Сіздің ойыңызша, әлемдегі ең сұлу қыз кім?