💪Бүгін 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толды. Сол бір қасіретті жылдары Қазақстаннан 6,5 миллион халықтың ішінен 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды. Солардың жартысынан көбі – 600 мыңнан астамы ұрыс даласында қаза тапты. Қан майданда мыңдаған қазақстандық сарбаз ерлік көрсетіп, түрлі орден-медальдармен марапатталды. 520 жауынгерге — Кеңес Одағының Батыры атағы, ал 110 мың сарбазға — Даңқ ордені берілді. Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 111 ардагері қалды. Олардың әрқайсысына мемлекет тарапынан 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін бір реттік төлем жасалады.
Оқырмандарымызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
🤑2010 жылы 9 мамырда Австрия астанасы Венада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары осы елдің аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған алғашқы мемориал ашылды. Бұл – Батыс Еуропада орнатылған алғашқы ескерткіш. Сондай-ақ қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштер Волгоградта, Минскіде және Италияның Триест қаласында бар. Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлова атындағы көшеде оның құрметіне ескерткіш қойылған. Бішкекте екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған ұшқыш Талғат Бигелдиновке бюст орнатылған. Ал 2009 жылы Румынияның Струнга ауылында 1944 жылы сол жерде қаза тапқан қазақстандық жауынгер Шернияз Аяғановқа мемориал ашылды.
Ерлердің есімі – ел есінде! Мәнгілік тағзым!
😻1840 жылдың 9 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының аумағына «Қарақол» деп аталған метеорит құлады. Оның сынықтары алдымен Семейге жеткізіліп, кейіннен Санкт-Петербургке жөнелтілген. “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясының мәліметінше, метеориттің массасы — 2,8 келі. Пішіні киіз үйге ұқсас ерекше болғандықтан, ол сирек кездесетін метеориттер қатарына жатқызылған. Өкінішке қарай, метеорит Қазақстанға қайтарылмады. Қазіргі таңда ол Мәскеудегі Геохимия және сараптамалық химия институтының музейінде сақтаулы.
Бұл метеорит туралы бұрын естіп пе едіңіз?
🙌9 мамыр — Дүниежүзілік көше музыканттары күні. Бұл — көшелерде өнер көрсетіп, адамдардың көңілін көтеретін әрі еңбегімен нәпақасын табатын кәсіби музыканттар мен әуесқой өнерпаздардың мерекесі. Көбіне олар танымал әндерді орындайды, ал кейде авторлық шығармаларын да тарту етеді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда әлемге танымал әншілердің біразы өнер жолын көшеде ән айтып бастаған. Мысалы, Эд Ширан да кезінде көше музыканты болған.
Егер таныстарыңыздың арасында көше музыканттары болса, оларды осы ерекше күнмен құттықтауды ұмытпаңыз!