🧠9 наурыз — Ерекше ойлайтын адамдар күні. Көп жағдайда, белгілі бір стандарттар мен қалыптасқан көзқарастардан тыс ойлайтын адамдар жиі сынға ұшырап жатады. Сондықтан оларға қоғам көп жағдайда салмақты қарамайды. Алайда дәл осындай жандар адамзатқа ең ірі жаңалықтар мен маңызды ашылулар сыйлап, есімдерін тарихқа мәңгі қалдырды. Ерекше ойлайтын адамдарды біріктіретін басты қасиет – олардың кең дүниетанымы. Сол себепті жаңалықтардың жаршысы болуыңыз үшін әрдайым ізденіс пен даму үстінде болуыңыз қажет.
🕺Сонымен қатар бүгін — халықаралық ди-джейлер күні. Бұл күннің мақсаты – қайырымдылық шараларына назар аудара отырып, диджей жұмысының маңыздылығын атап өту. 2002 жылы ЮНЕСКО аталғаү мерекені тойлауға рұқсат берді. Яғни, жыл сайын мереке қарсаңында концерттерден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалып отырады. Қазақстанда бұл мамандық 20 жыл бұрын пайда болып, жас ұрпақтың ерекше символының біріне айналды.
Егер таныстарыңыздың арасында ди-диджейлер болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🌸Бүгін әлемге әйгілі Барби шуыршағының туған күні. 1959 жылы 9 наурызда Нью-Йорктегі көрмеде барлық қыздың арманы мен сүйікті қуыршағы алғаш рет таныстырылды. Ең бірінші шыққан Барби ересек әйелге ұқсады. Себебі оның шашы қара, ал макияжы бет-әлпетін үлкен көрсетті. Сондай-ақ үстіне ақ-қара аралас купальник киген болатын. Осылайша Барби уақыт өте келе аққұба сұлуға айналды. Оның киімінің дизайнын Ив Сен Лоран мен Жан Пол Готье тікті. Ал зергерлер арнайы бұйымдарын жасады.
Сізде қуыршақ Барби болды ма?
👥9 наурыз — атақты екі адамның туған күні. 91 жыл бұрын әлем тарихында ғарыш кеңістігіне тұңғыш рет ұшқан адам Юрий Гагарин (1934-1968) дүниеге келді. 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан “Восток-1” ғарыш кемесі ұшырылды. Оның бортында Гагарин болды. Ұшу уақыты 108 минутты құрады. Ол әлемнің көптеген қаласының құрметті азаматы атанды. Сонымен қатар бүгін монумент суретшісі, гобелен киізінен жасалған көптеген картинаның авторы Әлімбай Бапанов 72 жасқа толды. Оның туындылары Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания музейлерінде, сонымен қатар Франция, Америка, Лихтенштейн, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы тұр. Сондай-ақ ол бірнеше кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері.