🤩1870 жылы 9 сәуірде Адай көтерілісін басу үшін Маңғыстауға Ресей әскерлері енгізілді. Кіші жүздегі халық толқуларының басты себептері – патша үкіметінің жаңа салық түрлерін енгізуі және қазақтардың ата-қоныстарының шекараларын өзгертуі болды. Шамамен 10 мың адам қатысқан бұл көтеріліс қатал түрде басып-жаншылды. Дегенмен Ресей билігі белгілі бір дәрежеде ымыраға баруға мәжбүр болды. Қуғын-сүргіннен қауіптенген көтеріліс басшылары мен көптеген адайлықтар Хиуа хандығының аумағына кетіп қалды. Бұл оқиға – ХІХ ғасырда қазақ халқының патша билігіне қарсы соңғы қанды көтерілісі ретінде тарихта қалды.
🤝9 сәуір – Автономды сенсорлы меридиан реакциясы халықаралық күні. Бұл құбылыс – адамның таныс әрі жағымды дыбыстарға (сыбырлау, сықырлау, қытырлау секілді) жауап ретінде бастың желке тұсынан бастап бүкіл денені жайлап өтетін шымырлауды сезінуімен байланысты. Мәселен, жаңа затты орауышынан шешкен кездегі дыбыс немесе қағаздың сытырлаған үні көпшіліктің есінде ерекше әсер қалдырады. Осындай қарапайым бейнероликтер миллиондаған қаралым жинайды, себебі олар адамның бойында тыныштық пен ләззат сезімін оятады.
Ал сізде қандай дыбыстан денеңіз шымырлайды?
👍9 сәуір – Халықаралық Топ-менеджер күні. Бұл күні компанияның даму бағытын айқындайтын, маңызды стратегиялық шешімдер қабылдайтын жоғары деңгейлі басшылардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Топ-менеджерлер — ірі кәсіпорындардың коммерциялық және әкімшілік қызметін басқарушылар. Олардың жетістікке жетуі көбіне сәтті жобаларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл – жоғары жалақы мен беделге ие мамандық. Алайда ол үлкен жауапкершілік пен күйзеліске толы қызмет екенін де ескерген жөн.
Біздің арнаға жазылыңыз, дамыңыз, топ-менеджер болуға талпыныңыз!
👥9 сәуір – танымал екі тұлғаның туған күні. 689 жыл бұрын атақты қолбасшы Темір (Темірлан) дүниеге келді. Ол Осман империясымен, Алтын Ордамен, Моғолстанмен, Үндістанмен және өзге де көптеген мемлекетпен соғысып, ірі жеңіліс көрмеген. Темір Самарқандты астана еткен Әмір Темір империясын құрды. Оның әскери жорықтары Азия, Кавказ және Ресей тарихына зор ықпал етті. Темір Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқаулар бергені белгілі. Бұл кесене кейін қазақ хандары мен билері, батырлары мәңгі дамыл тапқан киелі мекенге айналды. 92 жыл бұрын әйгілі француз театр және кино актері Жан-Поль Бельмондо (1933-2021) дүниеге келді. “Профессионал”, “Әйел – ол әйел”, “Мұрагер” секілді фильмдерімен танымал актер аға буын көрермендердің сүйікті тұлғасына айналды. Ол Францияның жоғары марапаттары мен кәсіби сыйлықтарына ие болған.
Ал сіз Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып көрдіңіз?