☑️Бүгін әлем «Біз радиациясыз болашақты таңдаймыз!» ұранымен Халықаралық ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күнін өткізуде. Экологтар мен басқа да бей-жай қарамайтын азаматтар осы күні әлемнің әртүрлі қалаларында атом энергетикасының дамуына және оның қауіпсіздігін арттыруға қарсы пикеттер, демонстрациялар мен наразылықтар ұйымдастырады. Қазақстандықтар антиядролық қозғалысқа алғашқылардың бірі болып қосылды. 1989 жылы жазушы Олжас Сүлейменов ұйымдастырған «Невада-Семей» қозғалысы әлемде алғаш рет жаңа модель — халықтық және парламенттік дипломатияның өзара іс-қимылын қолдана отырып, жетістікке жетті. АҚШ-тың Невада штатынан делегация Қазақстанға келді, олар бейбіт шеруден өтіп, бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырды. Осылайша қозғалыс халықаралық сипатқа ие болды және өз атауын алды.
Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
☑️9-шы қарашада дүниежүзілік лизинг күні атап өтіледі. Сөзбе – сөз «лизинг» ағылшын тілінен «жалға беру» деп аударылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда, бұл ұзақ мерзімді жалдау, содан кейін жалға алынған мүлікті сатып алу. Лизинг үшін ең көп таралған сала — тасымал: автокөлік (жеңіл, жүк, жолаушылар, туристік), авиация, өзен, теңіз, теміржол. Лизинг нысаны арнайы техника, жабдық (сауда, өндірістік, медициналық және т.б.), жылжымайтын мүлік (негізінен өндірістік, коммерциялық және қойма) болуы мүмкін. Бұл күн бүкіл әлем бойынша қаржы лизингі саласында жұмыс істейтін мыңдаған мамандарды біріктіретін жаһандық іс-шараға айналды.
Егер сіз қаржылық сауаттылыққа қызығушылық танытсаңыз, комментарияға жазыңыз, біз бұл туралы көбірек жазамыз.
☑️1989 жылы 9-шы қарашада «Қырғи қабақ соғыстың» басты символы Берлин қабырғасының қирауы басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия бөлінді: ФРГ Батыс одақтастарының әсерінен дамыды, ГДР КСРО-ға тәуелді болды. 1961 жылы елдер арасында күзет мұнаралары мен электр тогымен қоршалған Берлин қабырғасы салынды. 28 жыл өмір сүргеннен кейін, Германияда ресми түрде аталғандай, «ұят қабырға» ақыры жойылды. Біріккен ел ішкі және сыртқы саясатта егемендікке ие болды.
☑️1927 жылы 9-шы қарашада Қытайда ерекше сүтқоректілер — алып панда табылды. Панда негізгі тағамы бамбук болса да, жануар жыртқыштар қатарына жатады. Ол күніне 50 келіге дейін бамбук жейді. Сүйкімді «көзілдірік» аю дүниежүзілік жабайы табиғат қорының символы болып табылады, өйткені әлемде шамамен 1600 қалды. Ең тартымды аң ретінде панда Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Хайуанаттар бағында жүргізілген бақылауларға сәйкес, көпшілік осы жануарлармен бірге торларға жиналады. Айта кету керек, әлемдегі кез-келген хайуанаттар бағындағы барлық пандалар мен олардың туылған күшіктері Қытайдың меншігі болып табылады.
Сізге пандалар ұнай ма?