«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 сентября, 2023


👀Қыркүйектің екінші сенбісінде Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні аталып өтеді. Жыл сайын әлемде барлық өлім-жітімнің 10%-ы және мүгедектік жағдайлардың 15%-ы жол-көлік оқиғасы, күйік, құлау немесе суға бату нәтижесіндегі жарақаттар салдарынан туындайды. Алғашқы медициналық көмек әсіресе “алтын сағат” деп аталатын кезеңде тиімді екенін есте ұстаған жөн. Себебі бұл уақыт ішінде адам ағзасы әлі де өзінің тұрақты күйін сақтайды. Сондықтан осы сәтте алғашқы медициналық көмек көрсете білу немесе жедел жәрдем шақыру маңызды екенін естен шығармаңыз. 

Сіздің алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезіңіз болды ма?

💋9 қыркүйек – Халықаралық сұлулық күні. Бұл күннің мақсаты — әлемнің қайталанбас, табиғи және ерекше сұлулығына назар аудару. Сондай-ақ бүгін косметологтар, косметика өндірушілері мен сатушылары, пластикалық хирургтар, модельдік бизнес қызметкерлері және жұмысы сұлулықтың қандай да бір түрімен байланысты барлық адам өзінің кәсіби мерекесін атап өтуде. 

 

Егер осы салада жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🚗Бүгін “Жигули” көлігін тізгіндеген автокөлік әуесқойларының мерекесі. 1970 жылы 9 қыркүйекте ВАЗ-2101 (Копейка) автомобильдерінің сериялық шығарылымы басталды. Итальяндық FIAT үлгісінің көшірмесі өзгеріске ұшырап, 2 702 657 дана сатылды. Соның арқасында “Копейка” халық көлігі мәртебесіне ие болды. Атап өтетін ерекше жағдай да бар. Мысалы, ВАЗ-2101 автомобильдерінің көбі 20 жыл жұмыс істесе де, күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпегендері бар.  Қазіргі таңда “Көпейканы” Қазақстаннан да кездестіруге болады. 

 

Ал Сіздің отбасыңызда «Жигули»болды ма?​

💫9 қыркүйек қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 81 жыл бұрын тарихи романдар мен әңгімелердің авторы Дүкенбай Досжан (1942-2013) дүниеге келді. Шығармашылық жолында ол 11 роман, 24 повесть және 100-ден астам әңгіме жазды. Украин баспасы оның “Жібек жолы” кітабы үшін “Үздік тарихи роман” сыйлығын берді. Оның есімі Қазақ энциклопедиясында және АҚШ-тың “Әдебиет пен өнер адамдары” жинағында алтын әріптермен жазылған. Сондай-ақ бүгін жазушы, драматург, сценарист Әкім Әшімов 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. Әкім Тарази лақап атымен танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері көптеген әңгіменің, романның, театрлық пьесалардың және киносценарийлердің авторы. 

 

Сіз осы атақты жазушылардың қандай кітаптарын оқыдыңыз?