🤝9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикалық дамуын тежеп, мемлекеттің негізіне нұқсан келтіреді. Бұл індеттен ешбір ел, ешбір аймақ саналы қоғам болып қалыптаса алмайды. Өткен жылдан бері Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі қазақстандық компаниялардың басшыларын қатаң бақылауға ала бастады. Олардың арасында ұсталғандары да бар. Соған сәйкес, заңнамалық деңгейде жазаны күшейту бойынша өзгерістер енгізілді. Ал сарапшылардың пікірінше, бұл әлеуметтік кеселге қарсы ел әлдеқайда батыл әрі тиімді күрес жүргізе алады.
Егер сыбайлас жемқорлықтан хабардар болып жатсаңыз, Анторға, яғни 1424 байланыс орталығына хабарласа аласыз.
👏9 желтоқсан — геноцид қылмысының құрбандарын еске алу күні. 1948 жылы Конвенцияда БҰҰ геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау келісімін қабылдады. Мұнда геноцидтің жолын кесу үшін негізгі жауапкершілік қылмыс жасалған мемлекетке жүктелетіні айтылды. Соған байланысты бүгін геноцид құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым етіледі. Өкінішке қарай, бүгінгі күні геноцид әлемдік қауымдастыққа үлкен қауіп төндіріп жатыр.
👏9 желтоқсан — мықты әрі төзімді азаматтар — жүк тиеушілер мерекесі. Көпшілік жүк көтерушілердің негізгі міндеті әртүрлі салмақтағы және өлшемдегі заттарды тасымалдау ғана деп ойлайды. Алайда бұл ой — қате. Олар жабдықтар мен жиһаздарды бөлшектеп, қайта жинай алады. Сонымен бірге заттарды қаптап, жеңіл заттардың қаз қалпында сынбай жетуін қамтамасыз етеді.
Егер таныстарыңыздың арасында жүк тиеушілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
😻Бүгін компьютер тышқанының пайда болған күні. 1968 жылы 9 желтоқсанда оны америкалық өнертапқыш Дуглас Энгельбарт Сан-Францискода өткен компьютерлік конференцияда көпшілікке ұсынады. Бірінші құрылғы екі дискі және бір түймесі бар ағаш текше түрінде болды. Кейінірек Xerox дизайнын өзгертті. Бірақ ол қымбатқа шықты. Яғни, бағасы 300 доллар болды. 1983 жылы Стив Джобс Lisa компьютерінің жаңа үлгісін 25 долларға ұсынады. Осы сәтте компьютер тышқанының танымалдығы кең етек жайды.