«Үйде жатпа» күнтізбесі. 9 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 09 декабря, 2023


🙌9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикалық дамуын бәсеңдетіп, мемлекеттік негіздерді бұзады. Бұдан ешбір ел, ешбір аймақ саналы қоғам болып қалыптаса алмайды. Өткен жылдан бері Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі қазақстандық компаниялардың басшылары ұсталуда. Соған сәйкес, заңнамалық деңгейде жазаны күшейту бойынша өзгерістер енгізілуде. Ал сарапшылар еліміздің мұндай зұлым әрекетке батылдық танытып, қарсы тұра алатынына сенім білдіреді. 

 

Егер сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы нақты ақпарат білетін болсаңыз, 1424 байланыс орталығына хабарласа аласыз.

👀9 желтоқсан – геноцид қылмысының құрбандарын еске алу күні. 1948 жылы Конвенцияда БҰҰ геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау келісімін қабылдады. Мұнда геноцидтің жолын кесу үшін негізгі жауапкершілік қылмыс жасалған мемлекетке жүктелетіні айтылды. Соған байланысты бүгін геноцид құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым етіледі. Өкінішке қарай, бүгінгі күні геноцид әлемдік қауымдастыққа үлкен қауіп төндіруде. 

🤷‍♀️9 желтоқсан — жұмысы қайсарлық пен табандылықты талап ететін жүк тиеушілер мерекесі. Олардың негізгі міндеті әртүрлі салмақ мен өлшемдегі заттарды жылжыту деп ойлау үлкен қателік. Білікті жұмысшылар жабдықтар мен жиһаздарды бөлшектеп, жинай алады. Сонымен бірге жеңіл заттарды сынып кетпейтіндей орап беруге қабілетті. Осы тұста, Мик Джагерр, Фредди Меркьюри, Чак Норрис және Брэд Питт сияқты өнер жұлдыздарының мансап жолын жүк тиеуші қызметінен бастағанын атап өтуге болады.

 

Егер таныстарыңыздың арасында жүк тиеушілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

👍🏻Бүгін компьютер тышқанының пайда болған күні. 1968 жылы 9 желтоқсанда оны америкалық өнертапқыш Дуглас Энгельбарт Сан-Францискода өткен компьютерлік конференцияда көпшілікке ұсынады. Бірінші құрылғы екі дискі және бір түймесі бар ағаш текше түрінде болды. Кейінірек Xerox дизайнын өзгертті. Бірақ ол қымбатқа шықты. Яғни, бағасы 300 доллар болды. 1983 жылы Стив Джобс Lisa компьютерінің жаңа үлгісін 25 долларға ұсынады. Осы сәтте компьютер тышқанының танымалдығы кең етек жайды. Осылайша адамдар оны Apple-де, кейінірек Windows операциялық жүйесінде белсенді түрде қолдана бастады.