Әйел, Тоқаев, Интернет. 7 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Наурыз, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда 10 260 057 миллион әйел тұратыны белгілі болды.

Қазақстанда 10 260 057 миллион әйел тұрады, деп хабарлайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде әйелдердің 63,6%-ы қалада, 36,3%-ы ауылда тұрады. Өңірлер бойынша әйелдердің ең көп саны Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістанда – 1 049 866 және Алматы облыстарында – 766 092 тіркелген.
Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздар саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілер – 5,3 млн, 60 және одан үлкен жастағылар – 1,6 млн әйел.

Олардың басым бөлігі Алматы қаласында екен😍👍 Ал сіз қай өңірден боласыз?)

2️⃣ Қытай 5G-ден 10 есе жылдам интернетті қолданысқа енгізгелі жатыр.

Қытай 5.5G интернет желісін әлемде бірінші болып қолданысқа енгізгелі жатыр. Мобильді желі 5G-ден қарағанда 10 есе жылдам. Бұл туралы 24KZ хабарлады.

Бұл жоба алдымен пилотсыз көліктерді басқару жүйесінде қолданылып, сынақтан өтті. Сынақ сәтті жүзеге асқан. Енді оны интеллектуалдық өндіріс саласына енгізу көзделіп отыр. Жаңа мобильді байланыс 5G-А деп те аталады. Мамандар бастапқы тәжірибеде тапсырыс жеткізуге арналған пилотсыз жүретін 100 көлікті желіге қосып көрді. Интернеттің аса жылдамдығы қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттырған. Желіні сынау әлі толық аяқталған жоқ. Қазір Бейжіңде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Көліктер жолда түрлі кедергілерге тап болатын. Көп жағдайда жаяу жүргіншілер, бағдаршамға тоқтаған өзге де көліктер жолды бөгейді. Осы себепті біз 5.5G интернетінің базалық станцияларын жақын етіп орналастыруға мән бердік. Осының арқасында бағдаршам белгілері көлік базасына бірден жетеді. Сынақ күрделі жолдармен жүру кезінде өте ыңғайлы болып шықты», – дейді бас сәулетші Цзэн Венда.

Еңбекқор халықтың қолынан келеді деп ойлаймыз!👏🏻

3️⃣ Тоқаев мерке қарсаңында «Ару-Ана» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Салтанатты жиында мемлекет басшысы «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

«Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құтты болсын!🔥