Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Кәсібін ашқысы келетін жастарға 2,5 пайыздық шағын несие наурыз айынан бастап берілуі мүмкін.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі адамдарға беріледі. Микрокредит алу үшін азамат міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы керек. Бұл ретте тіркеу мерзімі 5 жылдан аспауы шарт.
«Биыл елімізде 5796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 29 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылған. Несие Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қазір жергілікті бюджетке қаражат аудару үшін келісімшарттарға қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс аяқталған соң, Аграрлық несие корпорациясы мен жергілікті әкімдіктер өзара келісімшарт бекітеді. Кейін наурыз айында біз осы жұмысты бастаймыз деп жоспарлап отырмыз»,- деді Ниязов БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Микрокредит 5 жылға беріледі, егер бизнес ауыл шаруашылығымен, мысалы мал өсірумен байланысты болса, 7 жылға дейін беріледі.
Ал сен өтініш бересің бе?🤔
2️⃣ Юлия Путинцева US Open 2019 чемпионын жеңді.
Ол Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастады. Енді екінші айналымда спортшымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.
Путинцева (әлемнің 44-ші ракеткасы) бірінші айналымда Канада өкілі Бианка Андреескуды (әлемнің 37-ракеткасы) 7:6 (7:2), 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды.
Ал Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің бірден екінші айналымынан бастайды. Ол чехиялық Каролина Плисковаға қарсы ойнайды.
Құтты болсын!👏🏻😍
Екінші айналымда да жеңіс тілейміз!
3️⃣ Бизнес ашу үшін берілетін гранттарға өтінім қабылдау 20 ақпанда басталады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, биыл бизнес ашуға немесе кеңейтуге 9 мың грант беріледі.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін грант алуға өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы қабылданады.
«20 ақпан — 3 наурыз аралығында гранттардың бірінші легі беріледі. Грант сомасы 400 АЕК немесе биыл 1 380 000 теңге», — деді Ордабаев БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.
Республика бойынша бірінші лекте 2 577 адамға грант беру жоспарланып отыр. Әр қатысушы грантты тек бір рет қана ала алады.
Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа қатысып көріп пе едің? 👍